Биыл мемлекеттен ғылым саласына 250 млрд. теңге бөлінеді. Үкімет зерттеу орталықтарын көбейтіп, жас ғалымдарды ынталандыруды көздеп отыр. Өскемендік ғалымдар жасап шығарған титан импланты 40-тан астам операцияда қолданылды. Өңірдегі жас ғалымдар әлі де талай тың жаңалықпен қуантары анық.
Облыста ғылымға ерекше көңіл бөлінуде. Жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар бүгінде нарықта сұранысқа ие салаларда ғылыми зерттеулер жүргізуде. Ол зерттеулер ғылымның дамуына әсіресе өндірісте қолдануға тиімді жағын ескеруде. Соңғы жылдары медицина инженериясы бағдарламасы жақсы дамып келеді. Бұл әсіресе, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін қолдап, олардың медициналық тәжірибеге инновациялық шешімдер енгізуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, университет базасында Industrial AI деп аталатын бірегей құзырет орталығы жұмыс істейді. Мақсат – металлургия, энергетика және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларында инновациялық шешімдер әзірлеу.