Аймақта оқушылар арасында облыстық ІТ- чемпионат өтті. Оған алыс-жақын аудандардан 16 команда қатысты. Олар 3 бағыт бойынша бақтарын сынады. Сайыс дарынды оқушыларды анықтау, шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Биыл бесінші жыл өткізіліп жатқан чемпионатқа 16 команда қатысты. 10 мен 14 жас аралығындағы оқушылар «Бағдарламалау», «3D модельдеу» және «Робототехника» бағыты бойынша сайысқа түсті. Қатысушыларды білім беру, қоғамдық ұйымдар және ғылыми дәрежесі бар сарапшылар бағалады.
Сырым Жандосұлы сайысқа Ұлан ауданынан келген. Ол робот құрастыру жанына жақын екенін айтады.
Бір қызығы, командалар өздерінің киімдерімен ерекшеленді. Мысалы, 3D модельдеумен айналысатын оқушылар сары түсті форма киді. Жас бағдарламашылар қызыл, робот мамандары көк түсті киімде. Мұндай кешенді жарыс ұйымдастырудағы негізгі мақсат – өңірде қарқынды ашылып жатқан IT сыныптардың білім сапасын анықтау, дейді мамандар.