Өскеменде аймаққа қарасты аудандардың мәдени күндері жалғасуда. Бастама облыс әкімі Ермек Көшербаевтің тапсырмасымен «Туған жер- алтын бесігім» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл жолы облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары Зайсаннан келген қолөнер шеберлерінің бұйымдармен етене танысуға мүмкіндік алды. Мәдени кештің соңы гала-концертке ұласты.
Зайсан ауданының мәднеи күніне жиналған жұрттың қарасы қалың. Ауданның тарихы, мәдениетімен танысуға келген қауым облыстық филармонияға жиналды.
Мәдениет ошағында бой түзеген көрмеде бәрі бар. Ағаштан жасалған дүниелерден бастап, киіз, тоқыма бұйымдарының барлығы осында. Зайсан ауданының суретшілері де өз туындыларын бұл кешке ала келген. Шарада жеміс-жидектерден жасалған табиғи пайдалы тосапттарды да көруге болады.
Зайсан ауданында бұрыннан ет-мал шаруашылығы жақсы дамыған. Бүгінде бұл бағытта өсім бар,- дейді Қайрат Каримов.
Мәдени шара Зайсан ауданынан келген өнерпаздардың гала-концертіне ұласты.
Керемет кештің куәсі болған көрермендер шараның жоғарғы деңгейде өткенін айтады.
Облыс орталығында басталған аудандардың мәдени күндері әлі де жалғасады.