Демалыс күндері Өскеменде дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Өнімдер әдеттегідей нарықтағы бағадан анағұрлым төмен. Бұл жолы қала тұрғындарын сапалы өнім, қолжетімді бағамен Зайсан ауданы қуантты.
Әр сенбі сайын әдетке айналған жәрмеңке халық үшін мерекеге айналғандай. Сауда қызып тұр. Таңертеңнен жәрмеңкеге қарай ағылған жұртшылық түрлі өнімдерді әкетіп жатты.
Зайсандық шаруалар әкелген өнім ішінде сұранысқа ие болғаны – тары, талқан, құрт өнімдері.
Жәрмеңкеге келген тұрғындар ғана емес, сатушылар да жоғары көңіл-күйде өз жұмыстарына кіріскен. Қала тұрғындарына арнайылап 3,5 тонна сиыр еті мен 1 тонна жылқы және 150 кг қой еті жеткізілді.
Зайсан ауданы таза ауыз су өнімін өндірушілердің бірі. Мұнда жер асты суларының тікелей көзі бар.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастылып отырған жәрмеңкенің тұрғындарға берері мол. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.