Глубокое ауданы биыл әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 50,4 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 201,5%-ға артқан. Бұл серпінді даму ауданның барлық саласында байқалады.
Аудандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 192,7%-ға артқан. Салаға 24 млрд. теңгеге жуық қаржы бағытталған. Бұл сома әлеуметтік нысандарды жаңғырту мен салуға жұмсалды. 130 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды.
Ауданның дамуымен қатар, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар да жалғасын табуда. Жастар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында 14,8 млн теңге көлемінде гранттар беріліп, 75 адам кәсіби оқытудан өтті. Бұдан бөлек, еңбекпен қамту бағдарламалары арқылы жұмыссыздар саны едәуір қысқарды. Есепті кезеңде 1 063 жаңа жұмыс орны ашылды. Туризм саласын дамыту ісі де қарқынды.
Тұрғындардың орташа айлық жалақысы 356 225 теңге. Аудан бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3000-ға жуықтаған.