Негізгі Жаңалықтар Спартакиада өтті

Спартакиада өтті

Облыс орталығында орналасқан Ольга Рыпакова атындағы спорт сарайында спартакиада өтті. Оған медициналық-әлеуметтік мекемелер мен әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар командалық спорт түрлерінен бақ сынап, күш-жігері мен ептілігін, сондай-ақ командалық бірлігін көрсетті. 

Биылғы спорттық шараның мәні ерекше. Себебі жарысқа қатысушылардың барлығы салауатты өмір салтын насихаттап, осы бағытта еңбек етіп жүрген жандар. Спартакиадаға санаторийлер мен сауықтыру орталықтарының қызметкерлері де қатысты. Олар спорттың бірнеше түрінен бақ сынап, өздерінің шымырлығы мен ептілігін көрсетті.

Альмира Мусинова, Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:

Енді біз бұл спартакиаданы әлеуметтік сл қызметкерлері арасында жылда өткізіп тұрамыз. Қысқы және жазғы мезгілде. Жыл сайын бізде 12 ден астам команда аудандардан келіп қатысады. Жалпы бізде ШҚЛО әлеуметтік салада 3 мыңнан астам қызметкер жұмыс жасайды. Жыл сайын осындай спартакиадаға 12 ден астам командалар келіп қатысады. Биылғы біздің мерейлі жазғы спартакиадамыз 25 рет өтейіндеп жатыр.  

Жарысқа қатысқан командалардың басым бөлігі бұл бәсекеге жыл сайын қатысып келеді. Сондықтан қатысушылар спорттық ойындардың тәртібі мен ережелерін жақсы меңгерген. Бұл өз кезегінде сайыс барысында салауатты бәсекелестік пен жоғары спорттық рухтың қалыптасуына ықпал етеді.

Руслан Төлеубеков, спартакиадаға қатысушы:

Спартакиада бізде жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Былтырғы қысқы спартакиаданың жеңімпазы атандық. Биыл да өз ұйымымыздың намысын қорғап, жарысқа белсене қатысып жатырмыз. Біз Зимовьевский арнайы қызмет көрсету орталығының атынан өнер көрсетеміз. 

Жарыстың мақсаты қызметкерлердің денсаулығын нығайтып қана қоймай ұжымның ауызбіршілігін арттыру. Сонымен қатар, бұл күнделікті жұмыстың қарбаласынан бір сәт сергіп, әріптестермен емен-жарқын араласуға мүмкіндік береді. Спорттық сайыс қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.

Нұрдәулет Қалибеков

Бөлісу