«Алтай-Өскемен» ФК өз алаңында жеңіске жетті
Қазақстан премьер-лигасының 25-ші туры аясында жергілікті «Алтай-Өскемен» қызылордалық «Қайсар» футбол клубын қабылдады. Алаң иелері кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ ойынды өз қолдарына алып, 5-ші минутта есеп ашты. Екінші таймда өскемендіктер шабуылды жалғастырып, 61-ші минутта басымдықтарын еселей түсті. Сэйф Попов қарсылас қақпасынан саңылау тауып, есепті 2:0-ге жеткізді. «Қайсар» ойын барысын өзгертуге тырысқанымен, өскемендіктердің қорғанысы мен қақпашы Данило Кучер сенімді ойын көрсетіп, қонақтарға есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік бермеді. Қорытынды есеп 2:0 алаң иелерінің пайдасына. «Восток» стадионындағы кездесуді 2,5 мыңға жуық жанкүйер тамашалады. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов та ойынға арнайы келді. Кездесу аяқталған соң өңір басшысы «Алтай» футболшыларын жеңісімен жеке құттықтап, командаға чемпионатта алдағы уақытта да толағай табыс тіледі.