Пятигорск тондар көрмесі
Облыс орталығында сәнді әрі сапалы тондар көрмесі ашылды. Көрмеде Пятигорск қаласының жетекші фабрикалары өз өнімдерін халыққа тиімді бағада ұсынады. Ал ескі тонын жаңасына ауыстырғысы келетіндер үшін арнайы ұсыныс бар: бұрынғы тонды тапсырып, жаңа өнімге 100 мың теңгеге дейін жеңілдік алуға болады.
Топтамада классикалық үлгілермен қатар, заманауи пішіндегі тондар мен ішік түрлері де бар. Сатып алушылар өз талғамы мен өлшеміне қарай, ұнайтын үлгіні таңдай алады. Ал кеңесшілер қажетті модельді анықтап, лайықты нұсқаны таңдауға көмектеседі. Өндірушілер бұйымдардың сапалы тігілгеніне, ыңғайлылығы мен күнделікті қолдануға қолайлы болуына басымдық береді. Барлық өнімге кепілдік бар.
Андрей Немцуров, сатушы-кеңесші:
Бізде арнайы акция жүріп жатыр. Кез келген ескі табиғи тонды тапсырып, жаңа тонға 100 мың теңге жеңілдік алуға болады. Біздің тондар австралиялық меринос терісінен тігіледі. Ал күзен тондарын канадалық үлбірден ұсынамыз. Барлық тондарымыз жоғары сапаға жатады.
10-30 қыркүйек аралығында өнімдерге 30 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ тонды екі жылға дейін пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып алуға мүмкіндік бар.Пятигорск тондарын «Валентина» сауда үйінен табуға болады. Мекенжайы: Назарбаев даңғылы, 61А. Жертөле қабаты, үшінші бутик. Дүкен күн сайын, демалыссыз және түскі үзіліссіз сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Бекарыс Энгельс