Студенттерге қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жаңа оқу жылы қарсаңында жатақханаларда студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар күшейтілді. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, тәртіпті сақтау және түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алуға баса мән беріліп отыр. Полиция қызметкерлері студенттермен кездесіп, қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызын түсіндіруде. Тәртіп сақшылары мен оқу орындары өкілдерінің бірлескен жұмысы жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.
«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру және жаңа оқу жылының басталуына байланысты қала полицейлері студенттер тұратын жатақханаларда профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Негізгі мақсат – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңға қайшы әрекеттерге себеп болатын факторларды анықтау.
Еркін Саттыбаев, Өскемен қ. ПБ бастығының орынбасары:
Заң мен тәртіп қағидасы аясында қаладағы жатақханаларда рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Басқа қалдан келген студенттермен кездесіп, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізетін боламыз. Одан бөлек жатақхана әкімшіліктеріне де тәртіпті сақтау жайында түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Жаңа оқу жылы бастлағандықтан,бұл шараларды біз жыл бойы жалғастыратын боламыз.
Полиция басқармасымен бірге Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары да студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етудің маңызын түсіндіріп, арнайы жадынамалар таратты.
Дина Бексұлтанова, Өскемен қ. ТЖБ бас маманы:
Қазіргі таңда Өскемен қаласының полиция басқармасы мен қалалық төтенше жағдай басқармасы бірлесіп жатақхана профилактикалық акциясын жүргізіп жатырмыз. Акцияның ең басты мақсаты жатақхана тұрғындарының арасында қауіпсіздік мәдениетін тарату, өз- өзін ұстау мәдениетіі, өрт қауіпсіздігін сақтау және жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар ережелерін түсіндіру.
Полиция және төтенше жағдай басқармасыныңы қызметкерлері жатақхана тұрғындарымен кездесіп, заң талаптарын түсіндірді. Сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтау және құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертті.Әсіресе алкоголь мен есірткі заттарын қолданудың алдын алуға, жанжалдардың, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесуге баса мән берілді.
Ерболат Бодан, студент:
Мен Талдықорған қаласының тумасымын. Жалпы жатқханада тұрып жатқаныма бір аптадан асты. Жатақханамыз әйбат, тәртіптеріне келетін болсақ сағат 10нан кейін кіріп шығуға болмайды. 11 кейін жалпы жатақхана ішінде жүруге болмайды. Полиция және төтенше жағдай қызметкерлері келіп тұрады. Профилактикалық іс-шаралар жүргізіп тұрады.
Кездесу барысында студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жатақхана аумағында және оған іргелес аумақта тиісті тәртіпті сақтау мәселелері талқыланады.Мұндай профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылық орын алғаннан кейін әрекет ету емес, оның алдын ала жолын кесу.
Бекарыс Әмірбек