Облыс әкімі Көшпенділер ойындарының жүлдегерлерін марапаттады
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері мен қатысушыларын құттықтады. Қазақстан құрамасы сапында ШҚО-нан 14 спортшы өнер көрсетті. Өңір басшысы спортшылардың ұлттық спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, ақшалай сертификат табыстады.
Спортшылардың айтуынша, облыс басшылығы тарапынан көрсетілген қолдау олар үшін аса маңызды. Бұл олардың жаттығуларын жалғастырып, жаңа жеңістерге жетуге деген ынтасын арттырады. Әсіресе арқан тарту спортының саңлақтары әлемдік додада тек шығыстың ғана емес бүкіл елдің намысын қорғады.
Ермек Жәпішев, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы:
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өте жоары деңгейде өтті командалар елдердің барлығы мықты дайындалып келген. Өте тартысты кездесулер болды. Намысты қолдан бермей чемпион атанып, осында келген түріміз бар. Енді барлық ер азаматтарға командадағы мың алғыс айтамын. Үйістіп жұмылып бір жұдырықтай намысқа тырытсып барлығымыз тартып, жүз пайыздық жетістікке жеттік.
Аймақ спортшылары Қазақстан құрамасының жеңісіне елеулі үлес қосып, бес алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ұлттық спорт түрлерінің мәдени мұраны сақтауда және спорттық дәстүрлерді нығайтудағы ерекше рөліне тоқталды.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Енді мынау көршілес әрі бізге бауырлас Қырғыз Республикасында өткен алтыншы дүниежүзілік көшпенділер ойындары біздің еліміз үшін өте жоғары деңгейдегі көрсеткішке қол жеткізді. Бұл ойынға мемлекет басшысы президентіміз ҚасымЖомарт Кемелұлы Тоқаев ашылу салтанатына арнайы барып қатысты. Күні кеше ғана өздеріңізді мынау ұлттық құрама спортшыларын осы дүбірлі додадағы үлкен жеңістеріңізбен құттықтады.
Еске сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрама командасы жалпы кесепте 32-алтын, 20-күміс, 22-қол медельмен түйіндеп, ел абыройын әлемдік аренада асқақтатты.
Нұрдәулет Қалибеков