Облыс әкімі Самар ауданына жұмыс сапарымен барды
Ауыл мектебі жаңарса, ауылдың ертеңі де жаңарады. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданындағы жұмыс сапарында білім мен медицина саласындағы бірқатар нысанның жай-күйімен танысты. Бұдан бөлек Самар ауылында 40 жылдан астам уақыттан кейін бой көтерген жаңа мектепте де болып қайтты. Заманауи білім ошағы биыл 1 қыркүйекте ашылған.
Бірінші кезекте өңір басшысы оқу кабинеттерін аралап, олардың заманауи жабдықталуымен танысты. Балаларға жасалған жағдайды бағалап, білім ордасының жұмыс барысын көрді. Обыс әкімі балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы білім алуына тең мүмкіндік берудің маңызды екенін атап өтіп, мектеп ұжымына ізгі тілегін арнады.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Мектептеріңіз, жоғары жақсы білімді, дұрыс тәрбие беретін білім ошағына айналсын жақсы ма? Рахмет!
Облыстық бюджет есебінен бой көтерген заманауи мектептің жалпы аумағы 4 мың шаршы метрге жуық. Екі қабатты білім ордасында балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қажетті жағдайдың бәрі қарастырылған. Мұнда заманауи оқу кабинеттері, спортзал, кітапхана мен асхана жұмыс істейді. Бұдан бөлек, логопед кабинеті, балаларға арналған шағын орталық және мини-футбол алаңы бар.
Надия Қабдұлғалымова, Ы. Алтынсарин атындағы бастауыш мектебінің директоры:
Биыл 26 бала бірінші сыныпқа қабылданды. Оларды 1 «А» және 1 «Б» сыныптарына бөліп, екі сынып жасақтадық. Мектеп барлық заманауи талаптарға сай. Қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтылған спортзал және 75 орындық акт залы бар. Қазіргі таңда мектепте 75 оқушы білім алып жатыр. Оның 10-ы мектепалды даярлық сыныптарында, қалғаны бастауыш сыныптарда оқиды. Сонымен қатар 30 балаға арналған шағын орталығымыз бар. Қазір онда мектепалды даярлықтың бір тобы жұмыс істейді, екінші топқа қабылдау жалғасып жатыр. Мектепте білім беру екі тілде жүргізіледі. Қазіргі таңда шағын орталыққа қазақ тіліндегі топқа қабылдау жүргізіп жатырмыз.
Мектеп ауласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаштар отырғызылды. Сондай ақ өңір басшысы Самар аудандық орталық ауруханасына да барып, медициналық нысанды жаңғырту жоспарымен танысты. Мұнда тұрғындарға медициналық көмектің негізгі түрлері көрсетіледі.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Біз үлкен осындай ауруханаларды салып жатырмыз. Бір болып алдыға жылдуымыз керек, бірлік бар жерде береке бар.
2026–2028 жылдарға арналған жоба аясында Самар аудандық ауруханасында фельдшерлік-акушерлік пункттер мен медициналық пункттер жөнделеді. Сонымен қатар алғашқы компьютерлік томограф пен реанимобиль сатып алынып, медицина нысандары Starlink желісіне қосылады. Бұл шалғайдағы дәрігерлерге елдің жетекші мамандарымен онлайн кеңесуге мүмкіндік береді дейді мамандар.
Ауданның әлеуметтік нысандарын жаңғырту жұмыстары Құлыңжон ауылында да жалғасуда. Мектептің 60 жылдығына орай мұнда жаңа интернат пен спорт кешені ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Айдын Рахымбаев қатысты.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Осы бағытта біз BI Group..салып берді. Осы жұмыстың нәтижесін көріп отырсыздар. Бізд де жұмысты әрі қарай жалғастыра береміз.
Бұл жоба меценат Айдын Рахымбаев үшін айрықша мәнге ие. Өйткені өзі де осы мектептің түлегі.
Айдын Рахымбаев, «BI group» құрылыс холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы:
Бұл жоба мен үшін ерекше мәнге ие. Себебі мен осы мектепті тәмамдадым. Qulynzhon Mektebi алпыс жыл бойы ауылдың бірнеше буынына білім беріп, талай шәкіртті түлетті. Бүгінде туған мектебімнің және ауылдың дамуына қолдау көрсету – мен үшін үлкен жауапкершілік. Жаңа нысандардың ашылуы мектептің материалдық базасын нығайтып қана қоймай, ауданның шалғай ауылдарынан келген балаларға да қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Салтанатты шараға мектептің ардагер ұстаздары да қатысты. Саналы ғұмырын осы білім ордасына арнаған педагогтер үшін бұл күннің мәні ерекше. Олар өздері еңбек еткен мектептің жаңарып, оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болғанына куә болды.
Светлана Воротникова, ардагер ұстаз:
Бұл мектепте 40 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек еттім. Осы жылдарды әрдайым жылы сезіммен еске аламын. Мектептен түлеп ұшқан көптеген шәкірттеріміз бүгінде Қазақстанда және шетелде еңбек етіп жүр. Мектебімізге білімді, тәрбиелі шәкірттер тілеймін. Әр бала мектепке қуана келіп, жақсы көңіл-күймен білім алса екен.
Мектеп тарихы жаңа мүмкіндіктермен жалғасып келеді. Жаңарған инфрақұрылым балалардың білім алып қана қоймай, өз қабілетін шыңдап, спортпен айналысып, ата-анасымен бірге уақыт өткізуіне жол ашады. Бұл ауыл мектебінің жаңа жетістіктерге жетіп, талай шәкірттің жарқын тарихын қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Нұртас Қайролдаев