Тұмауға қарсы екпе салу 15 қыркүйекте басталады
Өңірде тұмауға қарсы екпе науқаны 15-ші қыркүйекте басталады. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұмауға қарсы вакцинаның 75 мың дозасын сатып алу жоспарда бар. Ең алдымен екпе жүкті әйелдерге, медицина қызметкерлеріне, балаларға және созылмалы аурулары бар азаматтар мен 60 жастан асқан тұрғындарға салынады.
Мамандардың айтуынша екпе толығымен 14 қыркүйекте өңірге жеткізіледі. Ал тұрғындарға екпе салу 15 қыркүйектен 1 қарашаға дейін жалғасады.
Сәуле Слямғазина, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Өткен 2025-2026 жылдарының эпидемиологиялық маусымында обылста ЖРВИ 216 982 жағдай тіркелген. Оның 14 жасқа дейінгі балалар арасында 129 948 жағдай тіркелген. Яғни ауыршаңдықтың басым бөлігі 59, 8 пайыз құрайлды. Балалардың арасында тіркелген. Өткен маусымда тұқмаудың зертханалық расталған 182 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 93 жағдай тіркелді.
Бұдан бөлек өткен эпидемиологиялық маусымда короновирус инфекциясының 2 жағдайы анықталған.
Еркем Қалибекова, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас балалар инфекционисі:
Бізде 2023 жылғы протоколға сәйкес жедел респираторлық вирустық инфекцияның тек қана бір ғана дәлелденген емі бар ол бізде осельтамивирлер. Осельтамивирлер протоколға сәйкес 3 айдан асқан балаларға 3 милиграмм 1 киллограмға есептелінеді. Ал тұмаудың жалғыз профилактикасы бұл екпе болып саналады. Егер науқас ауырған жағдайда да жеңіл өтуі мімкін.
Дәрігерлер тұрғындарға қолды жиі жууды, бөлмені тұрақты желдетуді, адам көп жиналатын жерлерде бетперде тағуды ұсынады.
Салтанат Кеңесбекқызы