Негізгі Жаңалықтар Тағылымы мол шара

Тағылымы мол шара

Тілдер мерекесі апталығы аясында Өскемен «Білім-инновация» лицейінің ұжымы жылдағы дәстүр бойынша тағлымы мол шара ұйымдастырды. Шара облыс орталығындағы этнопарк аумағында өтті. Мақсат - өскелең ұрпаққа татулық пен достықтың маңызын түсіндіру.

Арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарлама шараның ажарын аша түсті. Оқушылар әр ұлттың тілі мен мәдениетін ұлттық құндылықтарын көпшілікке паш етті. Әннен шашу шашып, би биледі. 

Нұрсұлтан Рахметолла, оқушы: 

Бүгінгі шара бізде әр жыл сайын өтеді. Бұл бізде дәстүр деп айтсақ болады. Себебі бізде әр жыл сайын ұлттардың бірлігін, достығын білдіретін осы мейрам бізде әр жыл сайын өтеді. 

Көпшілік көңілінен шыққан қойылымдар арқылы достықтың бірліктің өзара сыйластық пен құрметтің қаншалықты маңызды екендігін көрсете білді. Оқушылардың өнерін қазылар алқасы бағалады. 

Болат Кенчимбаев, ШҚО Мәдениет басқармасының бөлім басшысы:

Бұл шарада Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері, мәдениеті, тілдері дәріптелуде. Өте керемет іс-шара. Осындай іс-шаралар арқылы еліміздегі достықтың, береке-бірліктің дамуына зор үлес қосады деп есептеймін. Осындай достықтың берекелі мызғымас шаңырағы жасай берсін. Қазақстан еліміз гүлдене берсін. 

Мұндай бастамалар бірнеше тілді меңгерген оқушылардың таным көкжиегін кеңейтері анық.  

Досжан Алдаберген, Өскемен Білім-инновация лицейінің директоры:

Адамдар көп тіл білген сайын көптеген мүмкіншіліктерге жол ашады. Басқа тілдерге құрмет деген ол басқа ұлттардың арасында да өзіміздің арамызда да ауызбіршіліктің, татулықтың болуына ықпал етеді. Мектебіміздің бір ерекшелігі біз үштік одақпен жұмыс жасаймыз. Мектеп, ата-ана, оқушы болып. Бұл іс шараға мектеп болып, оқушы болып, ата-ана болып жұмыс жасап жатырмыз.  

Шара барысында 8 ұлттың ұлттық тағамдарын таныстыру мақсатында арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Әр сынып ата-аналары өздеріне тиесілі ұлттың ұлттық киімдерін киіп, тіл үйірер дәмді тағамдарын көпшілікке паш етті.  

Назгүл Раисова, қала тұрғыны:

Біз көпұлтты мемлекет болғандықтан ұлттар арасындағы татулықты нығайту, сондай-ақ көптеген ұлттардың мәдениетін, тілін дамыту, балаларға таныстыру деп білеміз. Сондықтан, мұғалім, ата-ана және де бала болып, үштік аясында өтіп жатқан осы шараның қоғамдық өмірде маңызы зор деп санаймыз.

Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақ бейбітшілік пен келісім құндылықтарын бойына сіңіреді. 

Салтанат Кеңесбекқызы 


Бөлісу