Жылқыны қазақ халқы жеті қазынаның біріне қосады. Киелі жануарды баптау, оған күтім жасау әдет-ғұрпымыздың бір бөлшегі. Ал, облыста дәл осы ат үстінде жүріп ем-дом шарасын жүзеге асыратын арнайы орталық бар. Мұнда тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға күнделікті жаттығулар ұйымдастырылады.

Шығыс Қазақстан облысы алғашқылардың бірі болып елде иппотерапияны дамыта бастады. Әрі оны қызмет барысында жемісті қолданып келеді. Иппотерапия ғылыми түрде ерекше күтімді қажет ететін балаларды оңалтуда септігін тигізетіндігі дәлелденген.

Таяуда ғана Винное ауылында жылы, жайлы жылдың әр мезгілінде жаттығу жасауға мүмкіндік беретін орталық ашылды. Бұл шығыстағы ерекше балғындар мен параолимпиадашылар үшін қуанышты жайт. «АҚ ТАЙ» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қоры» ҚБ басшысы Екатерина Руденко шығыстағы бағдарламаны өзге өңірлер қызмет барысында пайдалануда.

Орталық екі бағыт бойынша жұмыс істейді ол емдік шара және параолимпиада спортшыларын қолдау. Бүгінде мұндағы ең кішкентай шабандоздың жасы онда. Егде шабандоз 56 жаста. Бас бапкер Юлия Яковлеваның орталықта қызмет етіп жүргеніне 10 жылдан асқан. Оның айтуынша жүрегі мейірімге толы жан ғана бұл салада еңбек ете алады.

Иппотерапия - әлеуметтік ортаға бейімдеудің бір қадамы. Ерекше балалар аталған терапия арқылы жоғарғы нәтижелерге қол жеткізіп үлгерген. Мұнда жаттығатын 9 спортшы ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. Жаттығудан бөлек, балғындар бір-бірімен тілдесіп, ойын бөлмесінде қарым-қатынас орнатады.