«Таза Қазақстан» акциясы аясында 250 көшет егілді
Өскеменде Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Экологиялық акцияға жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру мақсатында «Тәуелсіздік монументі» аумағына көшет егілді. Мақсат-қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Бақытжан Ербол, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты:
Бүгін бізде халықаралық тазалық күні 300 жуық қала жастарымен осы жерге келіп сенбілік өткізіп ағаштарды егіп жатырмыз. Күтіп баптауды мен осы өзіміздің волонтерлармен келіп көптеген жерге біз ағаш ектік қой соларға қарап отырамыз негізінде волонтерлармен негізі осы Таза Өскемен біздің қалалық күтіп баптауға жауап беретін мекеме бар сол кісілер қарайды.
Бұл игі бастамаға жастар да бір кісідей жұмылып, өз үлестерін қосты.
Арсен Саламатұлы, студент:
Көшет отырғызу бізге қажет деп ойлаймын. Экологиялық жағынан да, «Таза Қазақстан» жағынан да өте қолайлы. Біз жастар қолдаймыз.
Экологиялық акцияға арнайы қатысқан аймақ басшысы бұл бір күндік акция емес, қоршаған ортаға деген қамқорлықты өзімізден бастаған абзал,- деді.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Осы акция аясында барлығымыз әрдайым көпшіліктің алдында болып, өзімізің жұмысымызбен басқаларға үлгі болып, жол көрсете білейік. Осы әр кезде осы жастарға сенім артамыз. 2021-2027 жж 2 млрд ағаш егу тапсырмасы берілген. Біздің облыс бойнша 76 млн. ағаш егілу керек. Бүгінгі күні 46 млн үстінде ағаш егілді.
Егілген көшеттер өңірдегі арнайы мекемелердің тұқымбақтарында өсірілген.
Мұрат Құсайынов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
Бүгінгі күні мемлекеттік табиғат қорғау басқармасында 13 мекеме бар осы 13 мекеменің ауданында 76 миллион көшет отырғызу жоспарланған. Қазір міне күзгі науқан басталып жатыр. Биыл 11 миллион отырғызамыз, келесі жылы көктемде, күзде әлі 18 миллион отырғызамыз.
Бұл игі бастама табиғатты аялауға және туған жердің көрікті әрі таза болуына бағытталған ортақ іс. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Салтанат Кеңесбекқызы