Негізгі Жаңалықтар Кәсіпкерлікке қолдау - өңір дамуына серпін

Кәсіпкерлікке қолдау - өңір дамуына серпін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кәсіпкерлікті дамыту мен шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше басымдық берген болатын. Осы бағытта Ұлан ауданына қарасты Қасым Қайсенов кентінде бірқатар жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапары барысында кәсіпкерлер қолға алған нысандарды аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Облыс әкімі алдымен жергілікті кәсіпкер жүзеге асырған сауда және қызмет көрсету нысандарын көрді. Бүгінде кентте көкөніс пен жеміс-жидек сататын «Арзан», азық-түлік дүкені «Фермер», киім-кешекке арналған «Арзан-шоп», қоғамдық тамақтану павильоны мен тұрмыстық тауарлар сататын «Ердан» дүкені халыққа қызмет көрсетіп келеді. Сонымен қатар кәсіпкер өз қаражаты есебінен жаңа автостанция салып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасаған. Аймақ басшысы жаңадан бой көтерген жабық автотұрақтың жұмысымен де танысты.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Қалай ынғайлы ма автотұрақ. Қандай сұрақтарыңыз бар. Жазда салқын, қыста жылы болса. Қажетті жағдайлар жасалса. Осындай кәсіпкерлерге тек рахметімізді айтамыз.

Бұдан бөлек облыс әкімі «Сыбаға – Ет әлемі» дүкеніне де барды. Өткен жылы мемлекеттік қолдау аясында кәсіпкерге қажетті құрал-жабдық алуға 1 миллион 400 мың теңге грант берілген. Ал «Даму» қоры арқылы 30 миллион теңге көлемінде несие рәсімделген. Бүгінде мұнда ет, сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар мен наубайхана өнімдері сатылып, төрт адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын жанынан жартылай фабрикат өндіретін цех жұмыс істейді.

Нұртілек Сағатов, жеке кәсіпкер

Өзіміздің шаруашылықтың етін, сүт, қымыз, жылқы, сиыр қой етін қойдық. Халлыққа дұрыс таза өнім. Үнемі жас малдың еті. Полуфабрикатқа арналған цехтарымыз бар. Ұлан ауданының әкімдігіне үлкен ризамыз құрылыс басталғаннан бастап, қағаз жұмыстары болсын ешкім көмегін аяған жоқ. Үлкімет тарапынан бағдарлама жағынан бәрі жақсы. Тиімділігі 22 пайызбен алдық. 12 пайызын даму бағдарламасы төлеп отыр. 10 пайызын өзіміз төлеп отырмыз. 6 ай коникул берді. Ремонтқа, қағаздарын жөндеп алғанға. Бағдарлама тиімді жұмыс істеймін деген адамға.

Өңірде жүзеге асып жатқан мұндай жобалар тұрғындарды сапалы өніммен қамтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашуда. Мемлекеттік қолдау мен кәсіпкерлердің бастамасы аудан экономикасының дамуына серпін беріп, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік жасап отыр.

Нұртас Қайролдаев


Бөлісу