Алтай ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі
Облыс орталығына «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында Алтай ауданы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін әкелді. Биыл бұл игі дәстүр елде бастау алған «Дала дәмі» бастамасы аясында ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы өнімдерінің түр-түрі әкелінді. Атап айтсақ 11 тоннаға жуық өнімнің 5 тоннасы ет, қалғаны өзге өнімдер үлесінде. Ауданға қарасты әр ауыл шаруалары мен кәсіпкерлері маңдай терімен тапқан ризығын облыс тұрғындарына қолжетімді бағамен саудалады.
Әсел Мурзашева, кәсіпкер:
Көкөністерді консервілеумен айналысқаныма 3 жыл болды. Қажетті шикізатты жергілікті шарулардан сатып алам. Барлығы қолдан жасалған табиғи өнім. Жылда осы жәрмеңкеге келіп, қатысамын. Тұздалған қияр мен қызанақ бағасы 2500 теңге.
Қалаға жақын орналасқан Серебрянск қаласының кәсіпкерлері де игі бастамадан қалыс қалмай, өздерінде өндірілетін өнімді халыққа таныстырды.
Нұргүл Бақынова, Серебрянск қаласының әкімі:
Біз бүгінгі жәрмеңкеге алма өнімдерін әкелдік. Сонымен қатар май сүт өнімдерін жұмыртқа қазіргі таңда халыққа қолжетімді бағамен осы тауарларды сатуға келдік. Сонымен қатар біздің Серебрянск қаласында алғаш рет ет өнімдерін өңдеу ашылды «Мясное ремесло» деген сол кәсіпкер өз өнімдерін толық алып келді.
Мұндай берекелі жәрмеңкенің басты мақсаты - жергілікті өнім өңдеушілерді қолдау және қала тұрғындарына сапалы табиғи өнімді қолжетімді бағамен саудалау.
Айгүл Құттыбаева, Алтай ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы:
Туған-жер алтын бесігім акциясы аясында Алтай ауданыныңшаруалары өздерінің жыз бойы баптап өсірген өңдеген өнімдерін алып келді. Ет өнімдері, сиырқ қой жылқы еті. Картоп, көкөністердің бірнеше түрі ба. Консервленген өнімдер, сүт өнімдері , бал, және тағы басқалары бар. Өнім бағасы нарықтағы бағадан 30 пайызға арзан. Біз күзгі жәрмеңкені аудандар арсында бірінші болып ашып отырмыз сондықтиан елде бастау алған «Дала дәмі» акциясын қолдап осы акция аясында жәрмеңке ұйымдастырдық.
Жәрмеңкеге келген қала тұрғындары мұндай шараларды жиі ұйымдастыру халық үшін тиімді екендіігн жеткізді.
Қайрат Ишимбаев, қала тұрғыны:
Алтай ауданы келіп, алғашқы жәрмеңкені ашып жатыр, еттері де арзан. Жемістері де арзан екен. Міне 3 банкы тұздалған солениелер алдым. Енді осындай жәрмеңке әр ауданнан жиірек болып тұрса, жақсы болар еді.
Қайрат Жайыров, қала тұрғыны:
Әр ауданның өзінің жеке жеке ерекшеліктері бар. Сол ерекшеліктерге байланысты өздерінің шаруаларының өнімдерін әкеледі. Сол өнімдерін үлкен таңдаумен алуға болады. Мен ет сатып алдым. Алтай ауданы болған соң өзінің ерекшеліктері бар. Балы өсісмдіктері.
Бұл күні жәрмеңкеге келушілерге аудан өнерпаздары көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Түрі ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
Салтанат Кеңесбекқызы