Балалар қауіпсіздігі - басты назарда
Өскеменде мектеп оқушыларының жолдағы қауіпсіздігіне арналған профилактикалық шара өтті. Тәртіп сақшылары мен «Жас сақшы» сыныбының оқушылары бірлесіп, жаяу жүргіншілерге жол ережесін түсіндірді. Тұрғындарға жолдағы қауіпсіздік талаптары ескертіліп, мектеп маңындағы көлік қозғалысы бақылауға алынды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Заң және тәртіп» қағидатына ерекше мән берілген. Соның ішінде күнделікті өмірде аса маңызды саналатын бағыттың бірі – жол қауіпсіздігі. Әсіресе мектеп оқушылары үшін жол қозғалысы ережесін сақтау маңызды. Осы бағытта Өскемен қаласы полиция басқармасы мен өңірдегі «Жас сақшы» сыныптары түсіндіру және алдын алу жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Негізгі мақсат – балалардың жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Дастан Омаров, Өскемен қ. ПБ ППБ командирі
Балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында жас сақшы сыныбымен бірлескен іс-шаларар жүргізілуде. Біздің мақсатымыз әр баланың мектепке қауіпісіз барып үйіне аман-есен жетуін қаматамасыз ету. Бұл жұмыстар тұрақты негізде жалғасады. Ата-аналары да балаларының жол қозғалыс ережелерін үнемі түсіндіріп, өздері де үлгі болуға шақырамыз. Балалардың қауіпсіздігі баршамызға ортақ жауапкершілік.
Қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау – әр азаматтың міндеті. Мұны жас сақшылар да жақсы түсінеді. Оқушылардың айтуынша, әсіресе балалар жүретін аумақта үлкендердің сақтығы аса маңызды.
Карина Мейрамбекқызы, «Жас сақшы» сыныбының оқушысы
Біз мектепте де мектептен тыс жерлерде де жас сақшы сыныбының атынан осындай жерлерге қатысамыз. Байқауларға қатысып жүреміз.
Баланың амандығы үшін ата-ананың алаңдауы – заңды. Қала тұрғыны Гүлнара Жоланқызы күн сайын немересін мектепке апарып, сабақтан соң үйіне алып қайтады. Білім ошағына жеткенше бағдаршаммен реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтуге тура келеді. Сондықтан жолдағы қауіпсіздікке айрықша мән беретінін айтады. Оның сөзінше, мұндай профилактикалық шаралардың маңызы зор.
Гүлнара Жоланқызы, қала тұрғыны
Жолдан өткен кезде балаларды қолдан ұстап жан жаққа қарап өткен ыңғайлы. Жол қызметкерлері жол бойында қызмет атқарып отыр екен. Ол кісілерге мың алғыс. Осындай ел қорғайтын азаматтар көп болсын.Білім ошағының маңындағы жолдар жіті бақылауда. Патрульдік полиция қызметкерлері кезекшілік атқарып, оқушылардың жолдан өтуін бақылауда ұстайды.
Қуаныш Акимеев, Өскемен қ. ПБ ППБ инспекторы
Мектептің аумағында таңғы және кешкі, түскі аусымдарда осылай патрульмен келіп оқушылардың жолдан қауіпсіз өтуін қамтамасыз етіп, жол қағидаларын басқа жүргізушілер бұзбай келіп кетуін қамтамасыз етуін қамтамасыз етеміз.
Баланың амандығы – бір ғана маманның емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Мектеп маңындағы патрульдік бақылау, білім ордасындағы заманауи жүйелер, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың жұмысы және ата-анамен тұрақты байланыс – осының барлығы оқушыға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Ең бастысы – балаға жол ережесін сақтауды ғана емес, өз құқығы мен жауапкершілігін білуге үйрету. Ал бұл міндет мектеп, полиция және ата-ана бірлесе әрекет еткенде ғана нәтижелі жүзеге асатынын ұмытпаған жөн.
Нұртас Қайролдаев