Өскеменде Ұлан ауданының тумасы, «Құрметті құрылысшы» Марат Мусинді еске алуға арналған ардагерлер арасында волейболдан турнир өтті. Қоғам үшін еңбек етіп, халыққа пайдасын тигізген жандарды тұрғындар әрқашан қадірлеп, еске алады. Марат Мусин аймақта ондаған ғимараттың бой көтеруіне сүбелі үлес қосқан. Шараның мақсаты – бұқаралық спортты дамытумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау.

Бұл сайыс бұрынғыдан өзгерек. Дода ардагерлер арасындағы байланысты, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

Доп додасы Ауған соғысы ардагерлері ұйымы және Қазақстан Халық партиясының қолдауымен жүзеге асты. Волейбол турнирі 50-70 жас аралығындағы ардагерлер арасында ұйымдастырылды.

Турнирде 10 құрама өзара кім мықтыны анықтады. Осымен 19-шы рет өткізіліп отырыған доп додасына Алматы, Қарағанды, көрші мемлекеттерден келген ардагер спортшылар бар.

Турнирдің мақсаты - өңірге белгілі азаматтың есімін ұмыттырмай, еңбегін насихаттау.