«Әкеден балаға аманат». Бүгін Ұлан ауданында осындай атаумен форум өтті. Аталған шара әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты үйлестіруге, балаларды тәрбиелеудегі әке рөлінің маңыздылығын арттыруға бағытталды.

Форумда жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді шешуге байланысты ұсыныс-пікірлер айтылды. Жиынға қатысушылар тәрбиенің бастауы - отбасында екенін атап өтіп, әкенің өнегесі бала болашағына тікелей әсер ететінін жеткізді.

Амангелді Уәлиев, Форумға қатысушы:

Бүгінгі әкелер күні форуымы өте жақсы өтіп жатыр. Әкелердің алатын орны әр кезде өзгеше, әр кезде маңызды екені барлық қазақ баласына белгілі. Себебі мына әкелердің тәрбиесін көрген, әке көріп оқ жонған қазақ баласы әрқашанда әке салтын сақтап әке жолымен жүреді. Мына мейрамдарыңыз барлығыңызға құтты болсын. Балалардың тәрбиесін осы бастан күшейткен дұрыс деп ойлаймын.

Жиында білім, спорт және қоғамдық сала өкілдері сөз сөйлеп, отбасы институтын нығайту бағытындағы ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар жас өнерпаздардың орындауындағы күй мен концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды.

Рахман Оксюз, Білім-инновация лицейінің директоры:

Мен өзім 2023 жылдан бері Ұлан ауданымен жұмыс жасаудамын. Бүгінгі форум өте маңызды деп есептеймін. Өйткені, қазіргі заманда жасөспірімдердің проблемаланы көбейген соң, осындай форумдардың әкенің бала тәрбиесіне рөлі өте маңызды. Соған байланысты жергілі Ұлан ауданының әкелерімен форумға бірге қатысып отырмын. Бұл өте керек, қажетті дүние.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, ұлттың болашағы - саналы ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Сондықтан отбасы құндылықтарын дәріптеу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады,-дейді.

Анар Серғазина, Ұлан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

Бүгінде елімізде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге соныменқатар отбасылық құндылықтарды нығаютуға ерекше көңіл бөлінуде. Атаулы әкелер күні мерекесі 2023 жылдан бері атап өтілуде.

Басқосуда айтылған ой-пікірлердің түйіні - тәрбиенің бастауы отбасында екені. Әсіресе, әкенің бала өміріндегі орны мен жауапкершілігін арттыру арқылы саналы әрі ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру көзделеді. Осындай тағылымды шаралар қоғамдағы отбасы институтын нығайтуға негіз болмақ.

Бекарыс Секен