Облыс әкімдігінде өңірдің энергетика саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңейтілген отырыс өтті. Жиынға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Кездесу барысында энергетика инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғындарды сапалы электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету, сондай-ақ алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері жан-жақты қаралды. Салаға жауапты басқарма басшылары, қала және аудан әкімдері өз аумақтарындағы ахуал туралы баяндап, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен жоспарланған жұмыстарды таныстырды.
Наурызбай Сармурзин, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Облыстың энергетикалық кешеніне 10 энергия көзі кіреді оның ішінде 7 су электр станциясы және 3 ЖЭС жұмыс істейді. Ағымдағы жылы эелектр энергиясын өндіру көлемі 2,6млрд кв сағатты құрайды. Ал тұтыну көлемі 2,1 млрд кв сағат болды. Облыстың инженерлік инфроқұрылымы 18км жылу желіден тозу деңгейі 53,1 процент. 203 қосалқы станция және 4031 трнасформаторлық қосалқы станция жұмыс істейді.
Отырыста өңірдегі энергетикалық нысандардың жай-күйі, желілерді жаңарту қарқыны, тозу деңгейін төмендету және тұрғындарды толғандыратын түйткілдер талқыланды. Сонымен қатар бірқатар аудандарда қосымша назар аударуды қажет ететін мәселелер көтеріліп, оларды шешудің нақты тетіктері пысықталды. Бұдан бөлек, қаладағы жасалған жұмыстарда қаралып шешімін тапқан мәселелер баяндалды.
Алмат Ақышов, Өскемен қаласының әкімі:
21 ықшам ауданда 2025 жылы қараша айында құны 1,9 млрд тг болатын электр тжелілерін тарту жобасы аяқталды. 16 шағын ауданда тұрғындарды үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 160млн тг бөлініп, екі трнасформаторлық подстанция қалпына келтірілді.
Аймақ басшысы энергетика саласының тұрақты жұмысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететінін атап өтіп, жауапты мекемелерге бірқатар тапсырма жүктеді. Сондай-ақ тұрғындарды үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңғырту және жоспарланған жобаларды уақытылы аяқтау міндеті қойылды.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Электр жабдықтау желілері олардың тозу деңгейі қосалқы станция трнасформаторлық қосалқы станция бойынша ОЭСК мен бірлесіп отырып қарап шығыңыздар. Нұрсұлтан Шаттықович барлығын қараңыз, барлығын көтеріңіз.
Жиын қорытындысында өңірдің энергетикалық әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстарды күшейту, өзекті мәселелерді жедел шешу және барлық жобалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі айтылды.
Нұрдәулет Қалибеков