Өскеменде Қазақстанның табиғи мұрасын сақтау мәселелері талқыланды. Аңшылар мен балықшылар қоғамдық бірлестігінің басшысы Батыр Сейкенов қатысқан ашық кездесуге аңшылар, балықшылар, экологтар, кәсіпкерлер және табиғатты қорғау ұйымдарының өкілдері жиналды.
Кездесуде халық үшін аңшылықпен айналысу қолжетімді болуы туралы мәселе көтерілді. Батыр Сейкеновтың айтуынша, бүгінде аңшылық қызметтер мен рұқсат құжаттарды алу құны қымбат.
Батыр Сейкенов, аңшылар мен балықшылар қоғамдық бірлестігінің басшысы:
Халықпен кездесу, халықпен ақылдасу қандай мәселесі бар аңшылықпен айналысатын жігіттерде, балық аулаумен айналысатын кісілерде содан кейін қарапайым тұрғындарда мәселе жер туралы, су туралы, жай ылым туралы. Осы мәселелерді осы жерде жиынды өткізіп жатырмыз.
Батыр Сейкеновтың айтуынша, мұндай кездесулер жергілікті жерлердегі ең өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Кездесуде балық шаруашылығын дамыту мәселесіне де назар аударылды. Кәсіпкер Серікқазы Құрмағалиев балық өсіру кезінде заманауи әрі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, балық өсіру бассейндерін салу барысында қоршаған ортаға да, дайын өнімге де зиянсыз материалдарды пайдалану қажет.
Серікқазы Құрманғалиев, кәсіпкер:
Бүгінгі мәселе ол балық өнімдерін өсіру мальковый деп айтады ғой. Сол мальковый өсіретін бассейнді Қазақстан бойынша алғашқы болып біз бассейн істейміз. Оның бір тазалығы оның санэпидстанциямен қорғалған. Эпидемиологиялық қағаздарымыз бар. Тағы бір айта кететіні бізді мемелекет субсидировать етеді. Кредит беріп жатыр. сол алған кредитті қалай қолдану мәселесі қазір біз полипропиленнен жақсы материалдар шығарып жатырмыз.
Кездесу соңында қатысушылар табиғи ресурстарды сақтау және Қазақстандағы аңшылық пен балық шаруашылығын тұрақты дамыту үшін мемлекеттік органдар, сала өкілдері және халық арасындағы диалогты одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.