Марқакөл ауданында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істеп тұр. Онда, аутизмге шалдыққан бүлдіршіндер ем қабылдап, білікті логопед, дефектологтың бақылауында болады. Мекеме өткен жылдың желтоқсан айында ашылған. Қазір мұнда 22 бала тәрбиеленуде. Мамандардың айтуынша, дертпен дер кезінде күрессе, аурудан құлан таза айығуға мүмкіндік мол.
Соңғы жылдары елімізде аутизммен ауыратын бүлдіршіндердің саны артып барады. Көбінде ата-аналар баласының бұл дертке шалдықанын кеш байқайды. Арнайы орталықтарды жағалап, бауыр еті баласы үшін мамандарды ақыға жалдайтындары да жетерлік. Осындай отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ауданда психологиялық-педагогикалық түзеу мекемесі ашылған. Мұнда қызмет көрсету тегін, ем қабылдауға барлық жағдай жасалған.
Іңкәр Тұржанова, педагог-психолог:
Жұмысқа жыл басында орналастым. Алғашқы сабақта сегізінші қаңтарда бастап балаларды қабылдай бастадым. Біздегі ең алғашқы мақсат балалардың түсінігін қалыптастыру және танымдық проецестермен жұмыс жасау. Бізге көбінде балабақша тәрбиеленушілері соныменқатар бастауыш сынып оқушылары келеді. Біз берген ақпаратты сапалы түрде қабылдау үшін есте сақтау қабілеттерімен жұмыс жасаймыз.
Орталық 40 орынға арналған.15 маман еңбек етеді. Балалардың танымдық қабілетін дамытуға басымдық беріліп, әр тәрбиеленушімен жеке бағдарлама негізінде жұмыс жүргізіледі.
Мағжан Матаев, Марқакөл ауданының Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті меңгерушісінің м.а.:
Мамандарымыз толық жеткілікті жұмыс жасап жатыр. Күнделікті аптасына бес күн жұмыс уақыты. Екі күн демалыс уақыты. Көрші ауылдардан да балалар келіп тәрбие алуда. Біздің мекеме толық стандартқа сай жабдықталған. Әлеуметтік педогог кабинеті жұмыс жасайды. Логопед, психолог, емдік дене шынықтыру кабинеті жұмыс жасап тұр. Дефектолог ритмика кабинеті бізде жұмыс жасап тұр.
Елу жылда ел жаңа. Жарты ғасырлық тарихы бар Балалар шығармашылық үйінің биыл мерейтойы. Өткен жылы ғана дәл осы жаңа ғимаратқа көшкен өнер ордасында 400-ге жуық бала білім алады. Мұнда шығармашылығын шыңдаймын деген жанға бар мүмкіндік қарастырылған.
Бейбітгүл Тұржанова, Балалар шығармашылық үйінің оқытушысы:
Мен вокал сыныбынан мұғаліммін. Менде 15 тен артық бала оқиды. Балалардың бәрі өнерлі. Талантты балалар өте көп. Аудан көлемінде, облыс, республикаға шыққан оқушыларымыз бар, жүлделі орын алған. Ауданымыз көркейіп, дамып келе жатыр. Біздің мекемеміз үлкен болып кеңейіп, әдемі ғимаратқа көшті. Өте қуаныштымыз.
Өнерге баулу баланың жан-жақты дамуына жол ашады. Мұндағы ұстаздар әр шәкіртке бар зейінін салып, қабілетіне қарай бағыт-бағдар беріп, үлкен сахнаға дайындаймыз, - дейді.
Инабат Айтқазина, Балалар шығармашылық үйі директорының м.а.:
Бұл мекемені 2025 жылдың 24 і шілдесінде қолданысқа берілді. Биылғы жыл біздің мекеме үшін үлкен айтулы жыл болды. Себебі мерейтойы болды. Балалар шығармашылық үйінің мақсаты балалардың талантын ашу, мәдениетке шығармашылыққа қалыптастыру. Бізде 24 оқытушы жұмыс жасайды. 6 филиалымыз бар. Қолөнер, домбыра, қобыз, театр өнері, би үйірмесі сияқты тағы басқа көптеген үйірмелеріміз бар.
Балалар шығармашылық үйі - жас таланттардың қанатын қатайтатын мекен. Ауданда мұндай мүмкіндіктің болуы бүлдіршіндердің болашақ арманына жақындата түседі.
Бекарыс Секен