Катонқарағай ауданы әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары өңірлердің қатарында. Мұнда ауыл шаруашылығы, туризм, кәсіпкерлік, құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым салаларында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар халық санын тұрақтандыру, инвестиция тарту және туристік әлеуетті арттыру бағытында да жүйелі жұмыстар қолға алынған.
Катонқарағай ауданында ауыл шаруашылығы экономиканың негізгі салаларының бірі. Биыл төрт айдың қорытындысы бойынша ірі қара саны 20 мың 939 басқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 5,7 пайызға артқан. Қой-ешкі саны 41 мың бастан асқан. Ал жылқы саны 29 мың 95 басты құрап отыр. Сондай-ақ егіс алқабы 378 гектарға ұлғайып, 11 мың 60 гектарды құрады. Бұдан бөлек ауданда марал шаруашылығы да қарқынды өсімді көрсетіп келеді.
Серік Жакитов, Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары:
Жалпы ауданымыз марал шаруашылығымен де кеңінен айналысады. Ол баршаға мәлім. Қазіргі таңда 11 марал шауашылығы істеп отыр. Ол жерде 4054 бас марал бар. Ол жерде де өсім байқалып отыр. 346 басқа марал басы өсті. Бұдан бөлек балмен да танымал ауданымыз. Катонқарағай балы брент болып табылады. Омарта шауашылығы 103 ара шауашылығы бар. Оның 12 асыл тұқымды шаруашылығы болып табылады. Былтыр 587 тонна бал өнімдері өндірілді.
Денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер бар. Өткен жылы 12 дәрігер жетіспесе, бүгінде бұл көрсеткіш 4 маманға дейін азайған. Биыл ауданға 8 маман келіп жұмысқа орналасып, қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Ауданда биыл әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жалпы құны 2 миллиард 219 миллион теңгені құрайтын 26 жоба жүзеге асырылуда.
Серік Жакитов, Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары:
Жылы президентіміздің жолдауында Катонқарағайдағы әуежай құрылысы туралы айтқан болатын. Биылғы жылы ол құрылыс аяқталатын болады. Бұл аэропорт ішкі рейстерді қамтиды. Ол Астана, Алматы, Семей, Өскемен қалаларына. Келешекте шетелдік авиарейстерді қамту. Ол Маңғолияның Байя-нөлгей өлкесі және ҚХР Қанас өңірлері болып табылады.
Катонқарағай ауданы «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне дайындық жұмыстарын күшейткен. Былтыр ауданға 211 мың турист келіп, бұл көрсеткіш бір жылда 30 пайызға артқан. Қонақтарды қабылдау үшін орналастыру орындары көбейтіліп, қажетті инфрақұрылым жаңартылуда. Сонымен қатар 8 мобильді топ азық-түлік бағаларына тұрақты мониторинг жүргізіп келеді.
Серік Жакитов, Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары:
Әлеуметтік тауарлардың тізімі бар. Ол 33 тізім бар. Біздің ауданда 8 мабильдік топ бар. Олар жұмасына 2 рет дүкендерді аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыр. Од 15 пайыз үстемеден аспауы керек. Ол бойынша кәсіпкерлермен кездесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отыр. Фестиваль кезінде де ол жұмыстар жалғасатын болады. Осы бағыт бойынша.
Жалпы Катонқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары. Соңғы жылдары туристер саны 5 есеге артып, туризм саласында құны 37,8 миллиард теңгені құрайтын 4 ірі жоба жүзеге асырылмақ. Бұл жобалар 226 тұрақты және 90 маусымдық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Нұртас Қайролдаев