Марқакөл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші қарқынды. Өңірде барлық сала бойынша оң өзгерістер байқалады. Соңғы жылдары инфрақұрылым жаңарып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Әсіресе, ауданның туристік әлеуеті айтарлықтай артып келеді. 

Ауданда соңғы уақытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Даму тек аудан орталығымен шектелмей, әр елді мекенге ерекше көңіл бөлінуде. Инфрақұрылымды жақсарту, халықтың өмір сапасын арттыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Әсіресе туризм саласы да қарқынды дамуда. Одан бөлек, биыл Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының құрылғанына 50 жыл толып отыр. Жарты ғасыр бойы қорық өңірдің табиғи байлығын сақтауға өлшеусіз үлес қосып келеді. Тұрғындардың айтуынша, аудан мәртебесінің қайта берілуі өңірдің дамуына жаңа мүмкіндік берген. Бүгінде атқарылып жатқан жұмыстарға аудан халқы оң бағасын беруде.

Әскербек Наурызбаев, Марқакөл ауданының тұрғыны:

Марқакөл ауданы ашылады дегенде біздің қуанышымызда шек болмады. Шәпкімізді аспанға атып бірімізді біріміз құттықтап, үйімізге барып қуандық. Аудан болып ашылғаннсн бері өте жақсы жұмыстар істеліп жатыр. Әсіресе мәдениет үйі қалай жақсы істелді. Бұрынғы ескі почта жөнделді. Қазір бәрі кең жақсы сұрақтарын бәрін шешіп жатады.

Ауданда тұрғын үй мәселесі де назарда. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен көп балалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарға баспана беру жалғасуда.

Самат Сүлейменов, Марқакөл аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

Жалпы аудан бойынша бізде әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау аясында ағымдағы жылы Бірқабатты шығыс бағдарламасы бойынша 12 үй немесе 24 пәтер салыну жоспарланған. Былтыр аудан орталығында 10 пәтер берілген. Қазіргі таңда кезекте тұрған адамдарға тарату жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта ауданда бірнеше ірі жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

Самат Сүлейменов, Марқакөл аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

Бес ауқымды жобалық сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Соның ішінде орталық стадионды қайта жаңарту, көпқабатты үйлердің ауласын абаттандыру бойынша, 30 көппәтерлі үй салу жоспарланып отыр. Осы аудан орталығанда рухания орталығын салу бойынша жобалануда. Жобалау жұмыстары осы маумым айынының аяғында аяқталады деп жоспарлануда. Ары қарай қаражат бөлінуе қарай осы жобалар іске асыралады.

Биыл үйлердің қасбеті жөнделіп, аудан көшелеріне көрік қосуда. Бұдан бөлек халықты ауыз сумен қамту мәселесі де шешімін тауып келеді.

Рүстембек Кемешев, Марқакөл ауданының әкімі:

Үйлерді біз елді мекендерге сұраныс бойынша салып жатырмыз. Яғни жалғыз орталық ауданға ғана емес елді мекендердің көші қону аясында салып жатырмыз. Оңтүстіктен көші қон аясында да жұмыстар жүріп жатыр. Негізі ауданның дамуы адами капитал. Соған байланысты адами капиталды көбейтсек ауданның келешегі зор болады деп.

Ауданда ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар да жүйелі жалғасуда. Соның бірі - мал шаруашылығына қажетті жем өндіру ісі. Бұл бағыт жергілікті шаруалардың шығынын азайтып, өнім көлемін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Өткен жылы кәсіпкер Данияр Оразиманов «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 12,5 млн. теңге көлемінде қолдау алған. Бүгінде мұнда мал азығына қажетті дәнді дақылдар өңделіп, дайын өнім шығарылады. Мұндай бастамалар ауылдағы кәсіпті дамытуға және өңір экономикасын нығайтуға оң әсер етуде.

Бекарыс Секен