Ормандарда өрт қауіпі күшейді. Кеше Семей орманын құтқарушылар алапат өрттен сақтап қалды. Мемлекет басшысы Үкіметке 2021-жылдан бастап 2027-жылға дейін 2 миллиард ағаш егу туралы нақты міндет жүктеді. Осы ен байлықты сақтап-күту ең маңызды мәселе. Әсіресе өрттен қорғау. Ал елдегі жалпы орман алқабының төрттен үш бөлігі өсетін Шығыс пен Абай обылысындағы сала мамандары жыл он екі ай ат үстінде.
Шығыстағы ормандарда былтырдан бері 33 рет өрт болып, 210 гектар жер күлге айналған. Сондықтан орманшылардың қазіргі ең басты міндеті өртті болдырмау.
Орманның қауіпсіздігіне мобильді топтар жауапты.Олар әрбір әрекетті бақылап орталыққа ақпарат беріп отырады.
Талғат Мұратаев, мобильді топ жетекшісі:
Әрқайссымыздың мойнымызда мынадай болады. Мұның ішінде 20 литр су сияды. Барғанша жерді өшіреміз. Біздің ең негізгі жұмысымыз шақыруға уақытанда бару.Көлемін өлшеу. Ары қарай хабарлау.
Өртенген орманды қайта қалпына келтірудің машақаты өте көп. Тазаланып ретке келтірілген аумақтарға көшет егіледі. Көшетті егіп жатыр.
Шығыста 13 орман шаруашлығы 2 қорық 1 ұлттық парк бар. 3 миллион гектар орманға 1200 орманшы жауапты. Бұл мамандар күзетеді. Көшет егеді, тазалайды.
Дамир Ерназар, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының маманы:
Соңғы 2 жылда «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр ғой. Ол бойынша бізде биылғы жылы орман шаруашылықтарының аумағында 77 сенбілік өткізлді. Осы уақытқа дейінгі ормандағы заң бұзушылық басқа да шаралар бойынша тазалық барлығына 1100 ден астам рейдтік іс шаралар жүргізілді.
Мамандардың рейді емес, орманға барған әр адамның өз санасында рейд болуы керек. Сонда ғана орманнан от шықпайды.