Тарбағатай ауданында агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары жергілікті шаруашылықтар заманауи технологияларды енгізуге басымдық беріп отыр. Мұндай тәсілдер өнім көлемін арттырып қана қоймай, су мен жер ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ауданда тамшылатып суару технологиясы кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Қазірдің өзінде үш шаруашылық осы әдіске көшіп, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қажетті жабдықтарды сатып алған. Алғашқылардың бірі болып жаңа жүйені Жетіарал ауылындағы «Қызылбұлақ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі іске қосты. Мұнда суармалы жер көлемі 265 гектарды құрайды.

Мейрамбек Мұқатов, Тарбағатай аудандық Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

Алуа корпарейшн 70 гектар жер, 260 гектар Қайқы жерлерінде тура осындай жаңбырлатып суғару технологияларын қойып жатыр. Осы 3 жерде мемлекеттік Ауыл аманаты бағдарламасы арқылы несиелендірілген. Осындай жетістіктерге жетіп жатырмыз. Тарбағатай агро жерінде 2600 гектарға 13 құрылғы қоюда. Зайсан көлінен су тартылып, тарнсшекараларын қазып су жинайтын орын дайындап қойған, енді оларда осындай жұмыстарды атқарып жатыр.

«Қызылбұлақ» кооперативі басшысының айтуынша, биыл 50 гектар жерге егін егілген. Шаруашылықты одан әрі дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 28 млн. теңге көлемінде қаржы алған. Қазіргі таңда жаңбырлатып суару жүйесін шаруашылықта қолдануда. Жаңа технология су шығынын азайтып, суару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді,-дейді. Нәтижесінде диқандар су ресурсын үнемдеп қана қоймай, тұрақты әрі мол өнім алуды көздеп отыр.

Советхан Нұрханов, «Қызылбұлақ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басшысы:

Жер алып дүниежүзінде су тапшылығына байланысты су үнемдеу технологиясын шаруашылыққа енгізіліп жатыр.

Заманауи суару жүйелерін енгізу бүгінде ауданның аграрлық саласындағы негізгі бағыттардың біріне айналып отыр. Мұндай технологиялар шаруашылықтардың өндіріс тиімділігін арттырып қана қоймай, климат өзгерісі жағдайында су ресурстарын ұқыпты пайдалануға мүмкіндік береді.

Бекарыс Секен