Облыс орталығындағы этносаябақта «Таза Қазақстан - Таза Орта» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Оған 200-ден астам жас пен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шара елде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында өтті.

Шараның мақсаты – қоғамдық орындарда тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыру. Жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, тұрғындарды ортақ іске жұмылдыру. Соңғы жылдары өңірде экологиялық бастамаларға жастардың қызығушылығы артып, олардың қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуы игі үрдіске айналып келеді.

Нұрзат Сембаева, Өскемен қаласы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының қызметкері:

Сенбіліктің мақсаты – бізде бәріміз білетіндей, «Жасыл ел» бағдарламасы құрылып жатыр. Сол «Жасыл ел» жастар жасағының қатысушыларымен, жастарымен, сонымен қатар «Ақ жол», «Аманат» партияларымен, Жастар ресурстық орталығымен барлығымыз бірге осылай этносаябақты тазалауға келдік. Жалпы бұл акцияның мақсаты – бізде «Жасыл ел» жастар жасағының қатысушыларымен қала тұрғындарының басын біріктіре отырып, қаланың тазалығын сақтау. 

Игі бастама тек аумақтарды тазартумен шектелмей, тұрғындар арасында экологиялық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Шараға қатысушылар этносаябақ аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. 

Әлішер Төлегенов, Облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкері:

Осы этносаябақты не үшін таңдадық? Өйткені, адамдар көп жүретін жер Осының алдында біз майға дейін, әр апта сайын сенбілік жасап жүргенбіз. Қазақастан тауында жасағанбыз, Ертіс өзенінің бойында, сондай басқа да жерлерде. Облыса бойынша барлық аудан қалада жасадық. 

 «Таза Қазақстан - Таза Орта» акциясы жастардың қоршаған ортаны қорғау ісіне белсенді ат салысуына жол ашады. Мұндай сенбіліктер алдағы уақытта облыс орталығының өзге де қоғамдық демалыс орындарында да өткізілмек.

Кәусар Идаятқызы