Маусым айының әр үшінші жексенбісінде елде медицина қызметкерлері күні аталып өтеді. Кәсіби мереке қарсаңында Ұлан ауданында денсаулық сақтау саласының үздік мамандары марапатталды. Салтанатты шараға Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов қатысып, медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты шарада Ұлан ауданы әкімі медицина саласы қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, тұрғындардың денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбектеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ бірқатар қызметкерге марапат табыстап, жұмыстарына табыс тіледі.
Арман Бекбосынов, Ұлан ауданының әкімі:
Баршыңызды кәсіби мерекелеріңіз медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер адам өмірі мен денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп, ұлт саулығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Мерекелік шарада денсалық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, кәсіби біліктілігімен ерекшеленген қызметкерлерге аймақ басшысының және Ұлан ауданы әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Қайрат Өскенбаев, Ұлан аудандық ауруханасының бас дәрігері:
Әркімнің де еңбегі зор деп ойлаймын. Соның ішінде кәсіби шеберліктері мол, аудан тұрғындарына қызмет жақсы деңгейде көрсетіп жатыр деген бағалаумен коллективтің комиссионно шешім қабылданып, әркімге өзіне лайықты марапаттары бар.
Ұлан аудандық ауруханасының аға мейіргері Светлана Самбусунова денсаулық сақтау саласында 40 жылға жуық еңбек етіп келеді. Көп жылғы жемісті еңбегі мен кәсібіне адалдығы ескеріліп, мерекелік шарада оған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Светлана Самбусунова, Ұлан аудандық ауруханасының аға мейіргері:
Бүгінгі марапат мен үшін үлкен қуаныш әрі зор құрмет. Көп жылғы еңбегімнің бағаланып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатын алғаныма ризамын. Осы кәсіби мереке қарсаңында әріптестеріме мықты денсаулық, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілеймін. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық орнасын.
Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты
Лимара Молдажанова, Ұлан аудандық ауруханасының мейіргері:
Медициналық қызметкерлер күніне орай осындай марапатқа ие болып отырмыз. Барлық абзал жандарды бүгінгі күнмен құттықтаймын. Тек қана қуаныш болсын. Барлық қызметкерлердің еңбегін елеп, ескеріп өстіп құттықтап отырғандарына қуаныштымын.
Жанболат Бухатов, Ұлан аудандық ауруханасының тіс дәрігері:
30 жыл еңбек стажым бар. 95 жылы Алматы медицина институтын бітіріп, тіс мамандығы бойынша қазір жоғары санатта тіс дәрігерімін. Міне марапат алып жатырмыз аудан әкімінің қолынан. Еңбегімізді бағалап жатқанына қуаныштымыз. Барлық медицина саласында жүрген қызметкерлердің бәрін осы кәсіби мерекесімен құттықтап, өмірлеріне ұзақ денсаулық, отбасыларында береке.
Кәусар Идаятқызы