ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Риддер, Глубокое ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде қос өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен туризм саласын ілгерілетуге бағытталған бастамалар жайы талқыға түсті. Жиын барысында тұрғындар өздерінт толғандырған сауалдарына жауап алды.
Риддер қаласының тұрғындарымен өткен есептік кездесуде облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов инвестиция тарту жұмыстарына тоқталды. Себебі, бұл бағыттағы шараларды үздіксіз жүргізу маңызды.Бұдан бөлек, жиында туризм саласы да сөз етілді. Қазіргі таңда жол бойындағы сервистің сапасын арттыру маңызды.Риддерде 2028 жылға дейін 6 туристік жобаны іске асыру көзделген.Бастаманы іске асыру үшін 2,4 млрд.теңге қаржы бағытталмақ. Жиында инфрақұрылымдық жобаларды да дамыту қажеттілігі айтылды. Демалыс орындарына туристер кедергісіз жетуін де қаматамсыз ету басты мақсат.
Кездесуден кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Риддер қаласында салынып жатқан 200 орындық стационар мен бір ауысымда 500 адамды қабылдауға қауқарлы көпсалалы аурухана кешенінің құрылыс жұмысымен танысты.
Құрылыс алаңынан кейін өңір әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Риддердегі шаруа қожалықтың біріне ат басын бұрді
Риддерден соң облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Глубокое ауданында жиын өткізді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіп бастаған жергілікті тауар өндірушілермен кездесті.
Жылпы ауданда атқарылып жатқан шаралар легі ауқымды. Мәселен, 2025 жылы Белоусовка кентінде 150 орындық жаңа мәдениет үйінің құрылысы басталады. «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 24 екі пәтерлі тұрғын үй бой көтереді. Оның ішінде екіпәтерлі бір тұрғын үй Черемшанка ауылында салынбақ.