Күршім ауданының тұрығындары шыбын-шіркейден көз ашпай отыр. Әсіресе Қалжыр, Боран және Теректі ауылында соңғы екі аптада жағдай мүлде қиындап кеткен. Маса мен шіркейдің көптігінен халық тіпті таңертең кешке үйден шыға алмай қалған. Ал, аудандағы осы салаға жауапты мамандар зиянкесті улап үлгермей жатқанын айтады.
Бұл Қара Ертісті бойлай қоныстанған ауылдардағы қазіргі жағдай. Тұрғындар масаның көптігінен көктем шыққаннан суық түскенге дейін осылай оранып шымқанып жүреді.
Шығыста тек соңғы бір апта да ғана жауын жауды. Қуаңшылықтың кесірінен су тоғандарының көбі тартылып, батпаққа айнала бастаған. Ал биолог мамандардың айтуынша ондай жер маса-шіркейге өте қолайлы. Қалжыр мен Боран ауылы дәл сондай сулы-нулы жерде.
Ауыл тұрғындарының айтуынша шыбын-шіркейді улау жұмысы өте кеш қолға алынағын. Оның өзі дұрыс жүргізілмеді- деп, отыр.
Зиянкестерді улауға биыл Күршім аудандық бюджетінен 20 миллион теңге бөлінген. Бұл қаражатқа мамыр айнан бері 10 мың гектар жерге дәрі себілген. Бірақ одан көп нәтиже болмағандықтан, екінші рет қайта өңдеу жасалып жатыр.
Зерттеу жұмысын нақты қай министрлік жүргізетіні әлі нақтыланбаған. Ал, ауыл тұрғындары жайдары жазда арқа жазып, табиғат аясына шыға алмайтындарына қынжылып отыр.