Қаладағы №7 орта мектептегі №96 сайлау учаскесінде дауыс берушілерге арналған жәрмеңке ұйымдастырылды. Дауыс берушілерге тегін бауырсақпен ыстық шай ұсынылды. Таңертеңнен бастап сайлаушылардың легі азаяр емес.

Дауыс берушілердің көңіл-күйін көтеру үшін әуезді ән қосылып, бауырсақ пен ыстық шай таратылды. Сайлау учаскесі төрағасының айтуынша, №96 сайлау учаскесінде жалпы саны 1 746 сайлаушы бар.

Дауыс берушілердің арасында саяси науқанға алғаш рет қатысып жатқан азаматтар да болды. Оларға сайлау учаскесі атынан сый-сыяпат жасалды.

Ел азаматтарының жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін дауыс беруге мүмкіндігі бар.