Өскеменде Жәнібек Бердәулетұлын еске алуға арналған жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден халықаралық турнир өтті. Турнире дәстүрлі түрде 20 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Дүбірлі додаға елдің түкпір-түкпірінен 160 астам спортшы жиналды.

Қазақ батыры Ер Жәнібек Бердаулетұлын еске алуға арналған біріншілікке жиналғандардың қарасы қалың. Сайысқа Астана Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының құрамалары келді. Мәселен, біріншілікке Алматының намысын қорғауға келген Алейсей Косаткин бұған дейін де әлемдік додаларда жүлделі орын алып үлгерген.

Талай даңқты спортшы осы додада бақ сынап, үлкен спортқа жолдама алған. Ал сайыстың бас төрешісі Мергүл Әбиева жарыс жоғарғы дейгейде өтуіне бар жағдай жасалғанын айтады. Сайыс жеңімпаздары мақтау қағаздарымен, медальдармен марапатталды.