Өткен жылы облыста балалардың терезеден құлау фактісі бойынша 8 жағдай тіркелген. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары ата-аналар арасында балалармен орын алатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. Осы мақсатқа негізделген арнайы акция жыл сайын ұйымдастырылады. Осы жолы акция бараыснда терезелерге арнайы қорғау құрылғылары орнатылды.

Акция аясында департамент мамандар әр үйді аралап, ондағы терезелерге қорғау құрылғыларын орнатты. Мәселен, Маржан Мұхамеджанова 3 баланың анасы. Бала өмірі мен қауіпсіздігі үшін алаңдаушылық танытқан мамандарға дән риза.

Терезедегі тор қауіпті деп ойлайтындар қателеседі. Ол қорғаныш құрал емес керісінше ол жай ғана қорғаушы құрал, - дейді мамандар.

Терезені, есікті ашық қалдырмауға және де баланы терезе арқылы айналадығы құбылысты бақылап көрсетуге үйретпеген жөн. Салдары қандай болатыны белгісіз дейді төтеншеліктер.

Төтенше жағдайлар саласында қызмет ететін мамандардың айтуы бойынша терезеден құлау фактісінің тіркелуіне бірден бір себеп – балалардың қараусыз қалып қоюы. Сондықтан бала қауіпсіздігі асқан жауапкершілікті талап етеді.