Өскемен көгі күймен күмбірледі. Аймақтың әр ауданынан жиналған жас домбырашылар қазақтың болмысы мен өзі болған әуенді төгілтті. «Дарын» орталығы және облыстық Білім басқармасы мен ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің ұйымдастыруымен өткен «Күй – дария, күй – ғұмыр» жас күйшілер байқауы көптің көңілінен шықты.

Домбыра – көненің көзі, бабаның үні. Ұлттық өнерді ұлықтау мақсатында домбырашы оқушылар арасында облыстық байқау өтті. Аудан, қала өнерпаздары қатысқан өнер сайысына атадан балаға мирас болған аспаптың құлағында ойнаған 60-тан аса өнерпаз қатысты.

Байқау қонақтары шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Әділқазылардың айтуынша, сайыс бағдарламасының өз ерекшілігі бар.

Орындаушылар арасында жеке сында топ жарған өскемендік Олжас Азатбек болды. Жас өнерпаз жеңісін әкесіне арнады.

Ансамбльдер арасындағы сын да тартысқа толы өтті. Бұл кезеңде жеңіске жеткен риддерлік Музыка мектебінің шәкірттері.

Қазылар алқасының мүшелері қатарында Қазақстан Республикасының жетекші педагогтары мен мәдениет қайраткерлері болды. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің, қосымша білім беру мекемелерінің және өнер студияларының оқушылары қатысты.