Алпыс бес жылдан астам тарихы бар Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Осы жылдар аралығында білім ордасынан 75 мыңнан аса шәкірт түлеп ұшты. Жоғарғы оқу орынының басты мақсаты – жергілікті экономика үшін білікті мамандарды даярлау. Бүгінде білімге ұмтылған жастарға мүмкіндік мол. Университеттің жоғары беделі мен сапалы білім беруінің негізінде ЖОО-да әлемнің 8 елінің студенттері оқиды. QS әлемдік рейтингінде төрт жұлдызға ие болды. Университет Green metric әлемдік рейтингінде тұрақты көшбасшы. Құрметті талапкер, егер сіз Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жайлы толық ақпарат алғыңыз келсе, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19 мекенжайында орналасқан университет ғимаратына келуіңізге болады. Немесе 51-08-85 нөміріне хабарласа аласыз.