Өскемен қаласында екінші жыл қатарынан «Менің елім - менің тілім» республикалық жобасы аясында құрылған «Сөйле» қазақ тілінің тілдесу клубы қарқынды түрде өз жұмысын жалғап келеді. Кезекті қазақ тілі сабағы клубтың негізін қалаушы Яков Федоровтың қатысуымен өтті. Онда тәлімгер тіл деңгейін еркін сөйлеуге дейін қалай жеткізу керектігі туралы өз әдістемелерімен бөлісті.
«Сөйле» тілдесу клубының негізін қалаушы Яков Федоров студент кезінде қазақ тілін үйренген. Тілді үйренуде оған достары көмектесті. Дәл осы ауызекі сөйлесу формасында тіл жақсы меңгеріледі, сондықтан теорияны үнемі практикамен бекіту қажет, деп атап өтті тәлімгер. Айта кетерлік жайт, «Сөйле» клубының басты артықшылығы – бұл сабақтарға түрлі жастағы адамдар қатыса алады, сондай-ақ курстар тегін өткізіледі.
«Сөйле» клубы сабақтарының басты ерекшелігі - сабақтар тіл ережелерін жаттаумен шектелмей, ойын түрінде өткізіледі.
Ал, жаз маусымының басталуымен клубқа қатысушылар сабақты таза ауада өтеді, дейді мамандар.
Қазақ тілі сабағы әдеттегідей еркін атмосферада өтті. Онда қатысушылар қазақ тіліндегі әндерді тыңдап, түрлі бейнероликтерді тамашалап жаңа сөздерді меңгерді.