Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында халықаралық отбасы күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға облыстық аналар кеңесі мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиында балалар құқығын қорғау, отбасы құндылықтарын сақтау сынды бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.
Форумның басты мақсаттарының бірі – қоғамның назарын отбасылық құндылықтарға аудару. Шараны ұйымдастырушылар көпбалалы және аз қамтылған, сондай-ақ әлеуметтік осал топтағы отбасыларды қолдауға бағытталған түрлі жобалармен таныстырды.
Форумда балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ олардың оқуы мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға қатысты маңызды мәселелер көтерілді. Форумға қатысушылардың пікірінше, өскелең ұрпақтың бойына дәстүрлі құндылықтарға құрмет сезімін ояту маңызды.
Берік отбасы – ел дамуының кепілі. Шараға қатысушылар отбасы сенім мен сүйіспеншілікке, өзара сыйластық пен түсіністікке негізделгенін тілге тиек етті.