Негізгі Жаңалықтар Берекелі жәрмеңке

Берекелі жәрмеңке

Өскеменде Марқакөл ауданының «Дала дәмі» атты ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Шараға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен облыс орталығының тұрғындары қатысты. Мұндай жәрмеңкелер жергілікті шаруалардың өнім өткізу нарығын кеңейтуіне мүмкіндік береді. Ал қала тұрғындары облыстың әр ауданынан келген өндірушілердің өнімдерімен танысып, қажетті тауарларын сатып ала алады.

Сауда сөрелеріне жергілікті шаруашылықтар мен фермерлік кәсіпорындардың өнімдері қойылды. Жәрмеңкеде азық-түліктің негізгі түрлері ұсынылды. Әсіресе, ауданның ауыл шаруашылығы саласында өндірілетін ет өнімдеріне сұраныс жоғары. Сонымен қатар, келушілерге сүт өнімдері, бал және өзге де жергілікті өнімдер ұсынылды.

Саят Мәденов, Марқакөл ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

Негізінен 5 округ. 5 округтің ауылдық округінен 3 тоннадай ет өнімдері, 200 кг-дай әр түрлі тағамдарды әкеліп отырмыз. Жәрмеңкеміз басталды. Халық саны көп, ағыны келіп өтіп жатыр. 

Келушілер шаруашылықтар ұсынған өнімдермен танысып, бағаларын салыстырып, өздеріне қажетті тауарларды таңдай алды. Күні бойы сауда қатарларына қала тұрғындары көптеп жиналып, ұсынылған өнімдердің түр-түрін қарап, сауда жасады.

Алма Жұмажанова, Марқакөл ауданының тұрғыны:

Марқакөл ауданының еті өте дәмді, жері шүйгін, дәруменді, жақсы шөптерден ет. Бүгінгі осы жәрмеңкеге келген кісілерден еттен дәмнен алуға шақырамын.

«Дала дәмі» жәрмеңкесі өндірушілер мен тұтынушылардың тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік беретін тағы бір маңызды алаңға айналды. Мұндай шаралар жергілікті өнімдерді насихаттауға, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға және қала тұрғындарына азық-түлік өнімдерін сатып алуға қосымша мүмкіндік жасауға ықпал етеді.

Аяулым Усинова


Бөлісу