Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Мұндай игі істен шығысқазақстандықтар да шет қалмады. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің бастауымен ұйымдастырылған гуманитарлық көмек Арқалық қаласына жіберілді.
Су тасқынынан зардап шеккен қостанайлықтарға қазір ең қажет деген заттар алынды. Азық-түліктен бастап киім-кешек, балалардың жөргегіне дейін бар. Сондай-ақ Арқалықтағы ағайынның сұрауымен үш үлкен киіз үй де көлікке тиелді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің бастауымен ұйымдастырылған бұл гуманитарлық көмекке басқа да қоғам белсенділері өз қолдауын көрсетті.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл, демекші бұл игі шарадан облыстық «Ауған соғысы ардагерлерінің одағы» және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері де қалыс қалмады.
Арқалықтағы ағайынға жөнелтілген бұл көмек шығысқазақстандық ыстық сәлемі мен қолдауы, дейді ұйымдастырушылар. Айтуларынша, қиын сәтте бір-біріне демеу болу – азаматтық парыз.