Отбасы күніне орай «Әжелер алқасы» облыстық форумы өтті. Аудан-қалалардан жиналған ақ жаулықты әжелер өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтты. Сондай-ақ, құрамында 121 мыңнан астам мүшесі бар облыстық ардагерлер кеңесі жанынан «Әжелер алқасы» құрылды.

Қазыналы қарттармен кездесуге аймақ басшысы Ермек Көшербаев та қатысты. Облыс әкімі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты дәріптеуде әжелердің рөлі жоғары тұратынын атап өтіп, алдағы уақытта мұндай шараларды ұйымдастыруға барынша қолдау көрсететінін айтты.

Өз кезегінде әжелер қауымы мұндай мәнді де мағыналы жиындардың берері мол екенін атап айтты.

Шара соңында қоғамдық жұмысқа атсалысып, ұрпақ тәрбиесіне ерекше үлес қосып жүрген әжелер «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті ардагері» белгісімен марапатталды.