Риддер қаласының тұрғыны Лариса Шепицына ұзақ жылғы еңбегі үшін «Еңбек даңқы» орденінің ІІІ дәрежесімен марапатталды. Ол 36 жылдан бері Таловка ауданының тұрғындарына газет-журнал мен зейнетақы жеткізіп келеді.
Лариса Шепицынаның еңбек жолы 1990 жылы басталған. Ол кезде небәрі 18 жаста еді. Содан бері пошта саласында үздіксіз қызмет етіп келеді.
Лариса Шепицына, Риддер ҚПББ пошташысы:
Таловка ауданында біраз уақыт жалғыз пошташы болып қызмет артқардым. Автобус жүрмей қалған, жол тазаланбаған кездер де болды. Сондай жағдайда соқпақ жолмен жүріп, беліме дейін қарға батып жеткен күндеріміз бар. Қиындықтың бәрін көрдік. Бұл жұмысты істеу үшін, ең алдымен, мамандығыңды жақсы көру керек. Мен өз жұмысымды жақсы көремін.
Пошташының айтуынша, бұл мамандықта ең бастысы - жауапкершілік пен адамдарға деген құрмет. Өйткені күн сайын бірнеше үйді аралап, тұрғындардың аманатын жеткізу үлкен сенімді талап етеді.
Елена Скрипченко, Риддер ҚПББ № 2 пошта байланысы бөлімшесінің бастығы:
Біздің Риддер қаласындағы пошта бөлімшесінің қызметкері жоғары марапатқа ие болғанына өте қуаныштымыз. Лариса - өте мейірімді, әрдайым көмекке дайын жан. Оны тұрғындар да, әріптестері де ерекше құрметтейді. Ұжымда барлығымыз тату жұмыс істейміз, түрлі мерекелер мен іс-шараларды бірге атап өтеміз.
Қала тұрғындарына ұзақ жыл бойы үздіксіз қызмет көрсетіп келе жатқан пошташы, алдағы уақытта да жұмысын жалғастыра бермек.
Бекарыс Секен