Шығыс Қазақстан делегациясы алғаш рет ірі халықаралық туристік көрмеге қатысып жатыр. Германия астанасында өтіп жатқан форумда өңір туристік әлеуетін таныстырып, шетелдік серіктестермен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауда.Облыстық туризм басқармасы басшысының орынбасары Ирина Смиттің айтуынша, бұл шара халықаралық туроператорлармен тікелей байланыс орнатуға қолайлы.Делегация құрамында басқарма қызметкерлері, туристік ақпараттық орталық мамандары және өңірлік туроператорлар бар. Қазақстаннан жалпы 22 компания қатысуда.

Көрме әлемдік туристік индустриядағы ең ірі алаңдардың бірі болып табылады. Мұнда шамамен 180 елден келген мыңдаған қатысушы жиналды. Сарапшылардың мәліметі бойынша, жыл сайын 5,5–10 мың компания қатысып, үш күн ішінде келушілер саны 100 мың адамға жетеді. Экспозицияның жалпы аумағы 190 мың шаршы метрді құрайды.ITB Berlin көрмесіндегі басты шараның форматы іскерлік кездесулер. Шығысқазақстандық делегациясы шетелдік серіктестермен туристер ағынын көбейту, өңірдің табиғи және мәдени әлеуетін халықаралық нарықта ілгерілету бағытында ұсыныстарды талқылауда. Сонымен қатар, инвестициялық ынтымақтастық мәселелері де назардан тыс қалмады.

Екатерина Орлова, Туристік компания менеджері:

Біз әр елден келген туроператорлармен байланыс орнатып, келіссөздер жүргізудеміз. Туристерді қабылдауға дайынбыз.Бірнеше келісімге қол жеткізілді. Сондықтан көрмеден оң нәтижелер күтеміз. Бұл шара Шығыс Қазақстанды әлемдік туристік нарықта таныстыруға тамаша мүмкіндік береді. Осындай мүмкіндікті ұйымдастыруға қолдау көрсеткен әкімдікке алғысымызды білдіреміз.