Облыс орталығында 22-25 сәуір аралығында ҚР Ішкі істер министрінің кубогы аясында шайбалы хоккейден ауқымды турнир өтуде. Дәстүрлі дода Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында ұйымдастырылып, жастар спортының дамуына серпін беруді мақсат етеді.
Биылғы жарысқа еліміздің әр өңірінен келген бірнеше команда қатысуда. Қатысушылар қатарында Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және өзге де облыстардың командалары бар. Турнир барысында командалар өзара шеберлік байқасып, үздіктер анықталады.
Серік Манапов, ШҚО ПД бастығының орынбасары:
Ішкі істер органдары арасында хоккейден турнир өткізіп жатырмыз. Қазіргі таңда алты команда келіп отыр. Бүгін ШҚО Титан командасы мен Тобол хоккей командалары ойнап жатыр. Бірінші период қазіргі таңда аяқталды, біздің команда 8-1 есебімен алда келіп отыр.
Жалпы, мұндай жарыстар қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, командалық рухты нығайтуға және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді.
Бахтияр Сматов, Астана қ. ПД жедел криминалистикалық басқармасының криминалисі:
ШҚО туриниріне үшінші жыл қатысып отырмыз, өте жаақсы ұйымдастыру барлығы жақсы. Болашқата тағы да келіп қонақ боламыз. Ойын бәрі жақсы, үлкен рақмет басшылыққа, әкімдікке.
Сонымен қатар, шайбалы хоккей спортының дамуына өз үлесін қосып, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға жол ашады. Турнир алдағы күндері жалғасып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталатын болады.
Нұрдәулет Қалибеков