Облыс орталығында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында бірқатар тәртіптік іс қаралып, Риддер қаласы әкімінің есебі тыңдалды.Кеңесте көтерілген өзге де мәселелер жайлы әріптесім тарқатсын.

Жиында жергілікті биліктің жұртшылықпен байланысын күшейту мәселесіне баса назар аударылды. Бұдан бөлек, Алтай ауданындағы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысына қатысты тәртіптік іс қаралды. Нәтижесінде оған қызметіне толық сәйкес емес деген ескерту берілді.

Ержан Айқымбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы:

Күн тәртібіне сәйкес бес мәселе қаралды. Оның төртеуі профилактикалық сипатта бір тәртіптік іс қаралды. Профилактикалық сұрақтар бойынша, Риддер қаласы әкімі, Риддер қаласы әкімі аппараты басшысы Ішкі саясат басқармасы басшысыларының есептері тыңдалды. Тыңдау қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.

Кеңес отырысына БАҚ өкілдері мен бірқатар басқарма басшылары қатысты. Жиын барысында мемлекеттік мекемелердің жұмысын жандандыру қажеттігі аталып өтті. Осы бағытта жауапты тұлғаларға ескертулер беріліп, нақты ұсынымдар жасалды.

Аяужан Әшімова, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі:

Маман тарту жағында біздің мемлекеттік қызметтің басшыларына көбірек жұмыс істеу керек деген ұйғарымға келдік. Ол жөнінде өзіміз ескерту жасдық, ұсыныстар айттық. Сонымен қатар мына Риддер қаласының әкімінің баяндамасын тыңдай келе жұртшылық өкілдерімен жұмыс істеуге көбірек көңіл бөлу жалпы азаматтық қоғам иниституттары мен бірге бір іздендіріп оларды жақсы жолға қою жөнінде өзіміздің ұсынымымызды білдірдік.

Бұдан бөлек, шарада азаматтық қоғам өкілдерімен тұрақты кездесулер өткізу, тұрғындармен кері байланысты жүйелеу қажеттігі туралы да айтылды. Ал жиын қорытындысы бойынша барлық ұсынымдар тиісті деңгейде қаралып, орындалуы бақылауға алынды.

Нұрдәулет Қалибеков