Облыс орталығындағы Oskemen Hub базасында мектеп оқушыларына арналған “Open Day” ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл бастама жастардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беріп, ІТ әлемімен етене танысуына мүмкіндік береді.

Шараға Глубокое ауданының 10-сынып оқушылары мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының білім алушылары қатысты. Кездесу барысында ұйымдастырушылар түрлі стартаптар мен бастамалар жайлы бағыт-бағдар беріп, болашақ мамандық таңдаудың маңызын түсіндірді.

Рабиға Даниярова, Oskemen hub менеджері:

Жалпы оқушыларға жасанды интелектпен қалай жұмыс жасау керектігін үйретеміз. Бізде өтіп жатқан «hakaton» стартаптар, «pizzapich» секілді шараларды түсіндіреміз. Қатысушыларға өз жобаларын алып келіп, инвестиция таба алатынын түсіндіреміз. Олар түрлі осындай ұтысқа қатысып жеңімпазы атана алады. Бұдан бөлек бізде оқытылатын шаралар бар. Олар «boodcamp», «workshop» секілді бағдарламаларда екі ай көлемінде білім береміз.

Мамандардың айтуынша, мұндай форматтағы кездесулер жоғары сынып оқушылары үшін аса маңызды. Себебі, бұл кезең – болашақ мамандықты таңдауда шешуші рөл атқарады. Open Day алаңы жастарға өз қабілетін саралап, дұрыс бағыт таңдауға мүмкіндік береді.

Гүлнар Алжанова, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының профориентаторы:

Дарынды балалаға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан 10 сыныптан 20 бала алып келіп отырмын. Мұнда келген балалар қазір ізденіс үстінде. Қандай кәсіби салаға баратындары белгісіз, нақты зерттеу үсітнде. Сондықтан болашақта мамандықтарын қателеспей таңдау үшін әр саланы жеке-жеке танып білу үстінде. Мына заманауи талаптарға сай, информатика, it саласы деп жатамыз, ақпараттық комуникация саласына біздің балалардың бет бұрыстары көп. Сол себепті әлып келіп отырған оқушыларым қызығушылықтарын натысуда.

Ал оқушылар мұндай шараның ұйымдастырылғанына дән риза. Олардың айтуынша, бұл кездесу өздеріне жаңа мүмкіндіктерді танып, алдағы жоспарларын нақтылауға септігін тигізген.

Әлинұр Серікұлы, мектеп оқушысы:

Мамандық таңдауда ойым әр жақта жүр деуге болады. Жалпы медицина саласын да it саласы туралы да ойладым. Осында келіп қарап көрейін дедім. Мен бұл саланың пайдасы бар ма, мен алып кете алам ба? Деген оймен келдім бұл жаққа. Осында келгеннен кейін, it туралы көп мәлімет алдым. IT саласы ұнады, болашақта осы салаға бет бұрсам IT мамандығын таңдаймын деп отырмын. Өзім де жасанды интелекті пайдаланып, мамандық туралы, басқа елге түсуге бола ма деген сұрақтарды оқып қарап жатамын. Ғаламтордан қарасақ көп мәлімет жалпылама беріледі. Жасанды интелект арқылы нақты сұрағыма нақты жауабын ала аламын.

Open Day форматындағы мұндай шаралар алдағы екі ай көлемінде жалғасады.

Нұртас Қайролдаев