Облыстық «ALTAI» телеарнасының шығармашылық тобы Тарбағатай ауданындағы Абай атындағы орта мектеп оқушыларына шеберлік сағатын өткізді. Мектептің өз телестудиясы бар. Мұнда оқушылар медиаконтент жасаудың негіздерін меңгеріп, мәтін жазуды үйренеді, камерамен жұмыс істейді. Бұдан бөлек, түсірілім барысындағы негізгі ережелер, монтаж жасау тәсілдерімен танысады. БАҚ қызметкерлерімен кездесу оқушылар үшін құнды тәжірибе болды. Телеарна жұмысының ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда көпфункционалды болып, бірнеше міндетті қатар атқара білу аса маңызды. Сондықтан оқушылар әртүрлі бағыттарды меңгеруде. Түсірілім жасап, мәтін жазып, монтаж жасауды үйренді. Бұдан бөлек, камера алдында сөйлеуге дағдыланды. Педагогтер дәл осындай сабақтар болашақ мамандардың іргетасын қалап, кез келген салада өз ойын еркін жеткізіп, сөйлеу мәдениетін қамлыптастыруға ықпалы зор екендігіне сенімді.
Мейіргүл Мұралбек, Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Бүгінгі уақытта әр сыныптардан жиналған 30 оқушы белсенді қатысады. Түске дейінгі сабақтары болса, түстен кейін келелді. Ол оқушыларымыздың ішінде әлі де қазіргі уақытта диктор сияқты өз-өзін кәсіби деңгейде ұстай алатын оқушыларымыз бар. Бұл оалрға болашақта көп пайдасын тигізеді деп есептеймін. Барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ақпарат құралдарында және өзін республикалық телеарнада отырғандай балаларымыз жақсы жұмыс істей алады.
Әсіресе, оқушылардың тәжірибе алуларына айрықша көңіл бөлінуде. Біздің әріптестер жас тілшілерге нағыз шығармашылық үдерістің қалай өтетінін көрсетті. Сәтті стендаптың құпиясы, мәтін жазу, түсірілімге дайындық барысы түсіндірді. Алған білімдерін оқушылар бірден тәжірибеде қолданып, әрқайсысы сұхбат жазып көруге мүмкіндік алды.
Оқушылар контент жасауға үлкен қызығушылық танытуда. Олардың алдағы жоспарлары да ауқымды. Бұл кездесу барысында «ALTAI» телеарнасының қызметкерлері жас тілшілерді шабыттандырып, болашақта жүзеге асырылатын жобаларға бастамашы болды.
Салтанат Кеңесбекқызы