«Altai» телеарнасының шығармашылық тобы Ұлан ауданы әкімдігімен бірлесіп, Бозанбай ауылындағы мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағатында қатысушылар журналистиканың негізгі бағыттарымен танысып, сұхбат алу тәсілдерін меңгерді.
Шара барысында оқушылар стендап жазу, сюжет әзірлеу тәсілдерін меңгерді меңгерді.Ал телеарна режиссері шараға қатысушыларға сюжеттегі әр кадрды орналастыру реттілігі жөнінде ақпарт берді. Бұдан бөлек, түсірілім процесінде жүргізушінің рөлі де аталып өтті. Себебі, шығармашылық топтың діттеген жеріне қауіпсіз әрі уақытылы жетуін көлік жүргізушілері қамтамасыз етеді. Сабақ барысында оқушылар өздерін тілші, оператор ретінде сынап көрді.
Гүлнар Нұрланқызы, Бозанбай орта мектебінің оқушысы:
Бүгін сіздер келіп мен көп нәрсені үйреніп қалдым. Болашақта мамандық таңдап жүрген едім, ойланып қалдым. Мен өзім мектеп парламенті болған соң, мектепте түсірілетін подкаст, интервью бәрін жақсырақ түсіруге тырысатын боламыз осы арқылы.
Дарын Кәмиев, Бозанбай орта мектебінің оқушысы:
Мобилография, журналистика жайлы көп нәрселерді айттыңыздар. Мен мұндай нәрсеге өмірімде қатысып көрмеппін. Қызықты екен.
Айша Қабақ, Бозанбай орта мектебінің оқушысы:
Техникалардың бәрін қалай қолдану керек екенін, қай жерге орналастыру керек екенін, қалай іске қосатынын бәрін үйретіп, түсіндіріп жатырсыздар. Түсірген кезде енді үйреткен техникалардың бәрін қолданып, дұрыс түсіретін боламыз.
Ұлан ауданында өткен шеберлік сағаты жас өрендер үшін үлкен тәжірибе алаңына айналды. Бозанбай орта мектебінде журналистика саласын таңдап, болашақта осы бағытта білім алғысы келетін оқушылар да аз емес.
Ардақ Бухатова, Бозанбай орта мектебінің директоры:
Біз кәсіби маман емеспіз, өзіміз білгенімізше жасап жатырмыз. Бүгін «Altai» телеарнасы келіп, біз өте қуаныштымыз. Өйткені ол деген үлкен мүмкіншілік балаларға береді. Мамандықты таңдауға оларға бағыт-бағдар береді.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының бастамасымен қолға алынған шара аймақтың өзге аудандарында ашылған медиа мектептерде жалғасын табады.
Аяулым Усинова