Облыстық әкімдіктің кезекті отырысында жаз мезгіліндегі балалардың демалысын ұйымдастыру және оларды жұмыспен қамту мәселесі қаралды. Бұл бағыт жергілікті атқарушы органдар мен облыстық білім басқармасының басым міндеттерінің бірі.
2025–2026 оқу жылында 1–10 сыныптарда білім алатын 93 мың 853 оқушының 99,9 пайызы, 93 мың 754 бала жазғы сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамту шараларымен қамтылмақ. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін санаттағы балаларға ерекше көңіл бөлінген. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 8 525 бала 100 пайыз жазғы демалыс бағдарламасына қатысады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 90 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінген.
Қуат Оқасов, облыстық білім басқармасының басшысы:
Жазғы демалыс кезеңінде жұмыс істейтін болады. Ол 11 қала сыртындағы балалар сауықтыру орталықтары, оның ішінде 8 мемлекеттік және 3 жеке меншік. Жалпы қамтылуы 9 мың 720 оқушы.
Өңірде мектеп жанындағы сауықтыру орталықтары да жұмыс істейді. Олар 276 баланы қамтып, мектеп оқушыларының қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын ұйымдастырады. Жазғы демалыс бағдарламасы балалардың денсаулығын нығайтып, олардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Сауықтыру орталықтарында жөндеу жұмыстарын жүргізіп, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу қажет. Көрсетілетін қызметтердің сапасын әсіресе тамақтандыруға қатысты қауіпсіздік шараларын басқа да басқа білім беру бағдарламаларын қатаң бақылауға алыңыздар.
Бұдан бөлек, басқосуда облыс әкімі балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет екенін айтты. Ол сауықтыру орталықтарында тұрақты бақылау жүргізуді және су айдындарындағы шомылу орындарын қатаң бақылауды тапсырды.
Аяулым Усинова