ҚХР аттанған шықғысқазақстандық делегация аспан асты еліндегі ІТ хабтарды аралады. Шара асында делегаттар сандық технологияларды қызметіне енгізген өндіріс орындарының тыныс-тіршілігімен танысты.

Цифрлық технологияны жемісті қолданыып келе жатқан кәсіпорындардың бірі — «Polytex group» компаниясы. Бұл нысан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы аумағында орналасқан.Кәсіпорын пластик бөтелкелерге, киім өндірісіне, медицина саласына қажет полиуретан дайындамаларын әзірлейді.

Жаз Шын, «Polytex Group» комапниясы басшысының орынбасары:

Біздің өнімге сұраныс жоғары. Орта Азия мен Еуропа елдеріне өнімді тасымалдаймыз. Өнім сапасын арттыру мақсатында цифрлық технологияларды қолданып, оны әрдайым жетілдіріп отырамыз.Кері байланысты нығайту мақсатында жасанды интеллектіні қолданамыз.Бұл сауда-саттық көлемін арттыруда септігін тигізеді.

Кездесу барысында делегаттар цифрлық экономиканы дамытуға бағытталған қолданыстағы бағдарламалармен, IT-компанияларды қолдау тетіктерімен, технологиялық шешімдерді кеңейту стратегияларымен жан-жақты танысты.

Михаил Баженов, ШҚО делегациясының мүшесі, Өскемен политехникалық колледжінің жабдықтар жөніндегі инженері:

Іс-сапар бағдарламасы ауқымды. ҚХР ІТ хабтардың жұмысымен етене таныстық.Қарамай қаласы цирлық технология қарқынды дамыған шаһарға айналғанына көзіміз жетті.Елге оралған соң Қарамайдағы әріптестеріміздің тәжірибесін қызмет барысында қолдануды көздеп отырмыз.

Шараға қатысушылардың айтуынша, Қарамай қаласы қарқынды дамып келе жатқан инновациялар орталығына айналып отыр.

Мирас Құмарғалиев